Биыл Қыркүйек айынан бастап мектебімізде «Дариға-ай, жастар» атты оқушылардан құралған драмалық театр ұжымы ашылды. Театр мақсаты- оқушылардың шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту, сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу. Театр ұжымының ашылғанына көп уақыт болмаса да, оқушылар өздерің жақсы қырынан көрсетуде. «Дариға-ай, жастар» драмалық театр ұжымының жетекшісі Жакеева Мақпал Сакибаевна мен Маратова Айгүл Болатовна бастаған, 9-11 сынып оқушылары Рыспеков Жарқынбек, Боранбай Фархат, Шалғынбай Ернар, Тоқпан Мөлдір, Серік Арай, Серік Айшабибі, Кенжеғұл Малика кешегі күні «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының аудандық кезеңінен жүлделі 1-орынды иеленіп, облыстық кезеңнен 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Дариға-ай, жастар