п. Атасу, ул. Абая, 37
2-83-04
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
Жаңалықтар
05-04-2024 09:39
1. Мемлекет су тасқынының зардаптарын жою бойынша белсенді шаралар қабылдауда. Төтенше жағдайлар қызметі мен құтқару топтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Апатпен күресуге ТЖМ, ІІМ, ҚМ, ҰҚК мен Ұлттық ұланның барлық ресурстары жұмылдырылды. Жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында.
 
2. Адамдардың қауіпсіздігі мемлекет үшін басымдыққа ие. Жұмыстың маңызды аспектісі су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қажетті қолдау көрсету, оның ішінде: эвакуациялау; уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету; медициналық көмек көрсету; азық-түлік пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу; психологиялық көмек көрсету болып табылады.
 
3. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына материалдық көмек көрсетіледі, барлық шығын сәйкестей отырып өтеледі және орны толтырылады. Мемлекет басшысы Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті шешіп, тұрғындарға көмек көрсету туралы тапсырма берді.
 
4. Халықтың бірлігін, қоғамның ынтымақтығын, рухының беріктігін сақтап қалу маңызды.
 
5. Қазіргі кездегі басты міндет   су тасқыны кезеңінен аман-есен өтіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіп қамтамасыз етіледі.