Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-83-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бос орындар тізімі
20-08-2021 21:43

Лауазымдық   міндеттері.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің  психикалық, физиологиялық бұзылыстарын тексеру жүргізеді, олардың құрылымы жәнекөрінісдәрежесінанықтайды. Тәрбиешілер және басқада мамандар мен бірлесіп түзету, бұзылға н қызметтерін қалпына келтіру және мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады.
      Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес береді.
      Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес оқытудың түрлі әдіс, тәсілдерін қолданады.

Арнайы білімберу бағдарламаларын жүзеге асырады.
      Компьютерлік сауаттылығы, ақпаратты-коммуникациялық  құзырлығы бар.Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады. Әдістемелік бірлестік және әдістемелік жұмыстардың басқада түрлеріне қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Қоғамда мүмкіндігішектеулі тұлғалармен толерантты қатынас орнатуға арналған ағартужұмыстарын жүргізеді. Еңбекті қорғау нормалары мен тәртіптерін, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғауды орындайды. Оқу үрдісінде балалардың өмірлерін, денсаулықтарын және балалардың еркіндігін сақтауды қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті.Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім  туралы»,  «Балалар құқықтары конвенциясы»,  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық  түзете қолдау»,  «Қазақстан Республикасында балалар құқығы»,  «Арнайы әлеуметтік стандарттар туралы»  Заңдарын және Қазақстан Республикасының білімберуді дамыту болашағын және бағыттарын анықтайтын нормативті құқықтық актілерді, өмірде қиынжағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтің мемлекеттік стандартын, жас ерекшелік және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және клиникалық негіздерін, тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды түзетіп және алдын-алу әдіс-тәсілдерін, кәсіби және ісжүзіндегі әрекеттері мәселесі бойынша нормативті және әдістемелік құжаттарды, дамуында ауытқулары  бар оқушылармен тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуге арналған бағдарламалы-әдістемелік әдебиеттерді, дефектологи я ғылымының жаңа жетістіктерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қорғау, санитарлық қағиданы.
      Лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім.
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау мен қосабіліктілікке қойылатын талаптар:
      санаты  жоқ біліктілігі жоғары деңгейлі маман: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
      екінші санатты жоғары деңгейлі маман:
      санаты жоқ жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопед ке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, соннымен қатар: оқытудың жаңа әдістерін тексеруден өткізуі, озық тәжірибелерді игеруі, оларды қолданып, тәрбиеленуші тұлғалардың жалпы мәдениетін, әлеуметтенуін қалыптастыруды сараптау икемінің болуы, білім беру ұйымының әдістемелік  бірлестіктерінің жұмысына қатысуы  тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология»  «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім,  дефектолог-мұғалім(логопед) лауазымында жұмыс стажы кемінде 2 жыл.
      бірінші санатты жоғары деңгейлі маман: біліктілік деңгейі жоғары екінші санатты дефектолог-мұғалімге,  логопед-мұғалімге, екінші санатты жоғары деңгейлі логопедке қойылатын жалпы талаптарға сәйкесболуы, сонымен қатар оқытуда тәрбиеленушілердің ауытқуларын барынша түзеуге бағытталған сараптау әдістерін меңгерген, шығармашылық семинарларды басқара білу, педагогикалық озықтәжірибені ендіру, дефектологияның заманауи әдістерін меңгерген, қолдануға құқылы  сертификаттары бар, білім беруұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы керек.
      Лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары  білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбекөтілі кемінде 3  жыл.
      жоғарғы санатты жоғары деңгейлі маман:
      бірінші санатты жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік жұмыстардың әдістерін білуі, жаңа бағдарламаларды құрастырып, оларды енгізуге жұмыстар атқару керек, арнайы педагогика саласындағы өзекті мәселелерді қарастырудағы шығармашылық топтың жұмысын басқару, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы қажет.