Атасу кенті, Сейдімбеков көшесі, 55 А
2-67-09, 26809
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
КМҚК "Ақерке" бөбек-жайындағы ата-аналар жиналысы
23-11-2017 04:34
КМҚК
Бөбек-жайдың  2017-2018 оқу жылына құрылған жылдық жоспары негізінде 22.11.2017 жылы кезекті жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс дәстүрден тыс түрде өтті. "Бала-ата-ана-тәрбиеші" үштігі басты назарға алынды.  Ата-аналар жиналысқа белсене қатысып, баланы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары бойынша  кезекті жиналыс тақырыптарына сәйкес, пікір алысып, бөбек-жай туралы сұрақтарын  бөбек-жай директоры Г.А.Абеноваға  қойып, жауаптарын білді. Жиналыс барысында ата-аналар комитетінің төрайымы Д.С.Шамшенова бөбек-жайдың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде өз үлестерін қосқан ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттады. Жиналыста бөбек-жай бойынша ата-аналар комиеті мен оның мүшелері сайланды.  Ата-аналар бөбек-жайда отбасымен серіктесе өткізіліп жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Жиналыс соңында ата-аналарға берілген сауалнаманың қортындысы әзірленіп,  жадынама таратылды. Әр ата-ана бөбек-жай ұжымына өз тілектерін білдірді.