КМҚК "Ақерке" бөбек-жайындағы ата-аналар жиналысы
Бөбек-жайдың 2017-2018 оқу жылына құрылған жылдық жоспары негізінде 22.11.2017 жылы кезекті жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс дәстүрден тыс түрде өтті. "Бала-ата-ана-тәрбиеші" үштігі басты назарға алынды. Ата-аналар жиналысқа белсене қатысып, баланы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары бойынша кезекті жиналыс тақырыптарына сәйкес, пікір алысып, бөбек-жай туралы сұрақтарын бөбек-жай директоры Г.А.Абеноваға қойып, жауаптарын білді. Жиналыс барысында ата-аналар комитетінің төрайымы Д.С.Шамшенова бөбек-жайдың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде өз үлестерін қосқан ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттады. Жиналыста бөбек-жай бойынша ата-аналар комиеті мен оның мүшелері сайланды. Ата-аналар бөбек-жайда отбасымен серіктесе өткізіліп жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Жиналыс соңында ата-аналарға берілген сауалнаманың қортындысы әзірленіп, жадынама таратылды. Әр ата-ана бөбек-жай ұжымына өз тілектерін білдірді.