Семинар
Семинар-практикум тақырыбы: «Бала тілі қалай дамиды».
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.
Міндеттері:
• Ойын түсінігін ашу;
• Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызын көрсету;
• Ойын арқылы балаларды жан-жақты тәрбиелеуді, тілін дамытуды, шығармашылық шеберліктерін ашуды талдау;
• Ойын-балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс-әрекет ретінде зерттеу, қызығушылығын қалыптастырып, дамыту.Семинар барысында бөбекжайдың психологы Рахметова Ж.Ж., дене шынықтыру маманы Түгелбай Ж.Б., жүзу нұсқаушысы Айдан Г.С., музыка жетекшісі Асилова А.М., бейнелеу өнерінің маманы Бондарева О.А салбалшық терапиясы, дефектолог-логопед Төлегенова Е.Б., қазақ тілі маманы Шакенова М.Т. балалармен жұмыс жасау, бала тілін дамытудағы жұмыстарын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қорытындысында рефлексия жасалып, психологтардың пікірлері мен ұсыныстары айтылып, аудандық білім бөлімінің әдіскері Окасова А.К. өзіңің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, қорытындылап, семинар-практикумды аяқтады.Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Окасова А.К., аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскері Ахметкалиева Д.С. және аудан бойынша барлық бөбекжай басшылары, әдіскерлері мен психолог, логопед-дефектолог мамандары қатысты.