Атасу кенті, Сейдімбеков көшесі, 55 А
2-67-09, 26809
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Мектепке дейінгі тәрбие беру бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыруға құжаттарды қабылдау басталды
04-01-2023 11:16

Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа аудандының білім бөлімінің КМҚК «Ақерке» бөбекжайы  2023жылға арналған мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға конкурстық рәсімдерді бастайды.2022жылы КМҚК «Ақерке» бөбекжайында  мемлекеттік тапсырыс 8 топта 190 орынға орналастырылды. Алдыңғы жылдары келесі жылға шарт жасасу үшін қандай да бір құжаттарды ұсыну талап етілмеді. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың жаңа қағидалары бойынша(ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022жылғы 27тамыздағы №381 бұйрығы) мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1)өтініш;
2)бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпаратты;
3)Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт (сыйымдылығы үш топқа дейін);
4)штат кестесі мен педагогтердің білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5)ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).
Әрі қарай конкурстық комиссияның жұмысы басталады. Мектепке дейінгі ұйымдардан құжаттар 20-22желтоқсанда қабылданады. Комиссия басқа құжаттарды (СЭС қорытындысын,қызметтің басталғаны туралы хабарламаны,медициналық қызмет көрсетуге лицензияларды және т.б) ақпараттық жүйелерден алады.