Атасу кенті, Сейдімбеков көшесі, 55 А
2-67-09, 26809
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Вакансия.Дене шынықтыру нұсқаушысына "Ақерке" бөбекжайы КМҚК
19-08-2022 12:58

Мемлекеттік қызметшілердің

бос лауазымына орналасуға конкурс туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

  1. мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін ұйымның атауы, пошталық мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы: 

 

    Қарағанды облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім басақармасының  

«Ақерке» бөбекжайы КМҚК. Заңды мекенжайы:Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы,  А.Сейдімбек 55А, анықтама үшін телефон, факс тел.8(71030) 26809,  E-mail:akierkie.2013@mail.ruазаматтық қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

  1. негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:
  2. Дене шынықтыру нұсқаушысы;

1.2. Дене шынықтыру нұсқаушысының функционалдық міндеттері

Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.

Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

2.1.Еңбек ақысының мөлшері

Буын, саты

Еңбек еткен жылдарына байланысты

min

max

В4-4

141 377 тг

158 836 тг

 

 

2.2. Еңбекке ақы төлеу шарттары

Айлық еңбекақы мөлшері жыл сайынғы штаттық кестеге сәйкес айқындалады.

  1. біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды

     

Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер;Инклюзивті білім беру туралы Заң
  • оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие үрдісі, оқыту және бағалау әдістемесі;
  • педагогика және психология;
  • пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар, санитарлық қағидалар мен нормалар.
    1. құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі:

 

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар  Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің 

«Ақерке» бөбекжайы КМҚК. Заңды мекенжайы: Жаңаарқа ауданы,  А.Сейдімбек 55А, анықтама үшін телефон, факс тел.8(71030) 26809,  E-mail:akierkie.2013@mail.ru.Әлеуметтік желілердің ресми аккаунтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде 2022 жылдың «19»  тамызынан бастап дейін) ұсынылуы тиіс (Instagram – https://instagram.com/akierkie_balabakshasy?utm_medium=copy_link).

  1. конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
  2. қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)   жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. 

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;

10) жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме (бар болса).

11) педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік. (болған жадайда)

12) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) Вакцинация туралы құжат.

 

  1. құжаттарды тапсыру орны, байланыс телефоны және конкурсты өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы,  А.Сейдімбек 55А, анықтама үшін телефон, факс тел.8(71030) 26809,  E-mail:akierkie.2013@mail.ru.

Құжаттарды қабылдауға жауапты тұлға: конкурстық комиссиясының хатшысы Баязитова Айдана Амантаевна7