Атасу кенті, Сейдімбеков көшесі, 55 А
2-67-09, 26809
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
20-08-2021 18:29

БОС ОРЫНДАР ТІЗІМІ

Лауазымы

Жүктеме

Жалақы «жоғары білім, санатсыз)

 

1

Жүзу нұсқаушысы

Толық

121.180т

 

2

Музыка жетекшісі

Толық

121.180т

 

3

Хореограф

Толық

121.180т

 

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

Қарағанды облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Ақерке" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Мектепке дейінгі ұйымның жүзу нұсқаушысы, музыка жетекшісі, хореограф

 

      1.Лауазымдық міндеттері: Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау функциясы қызметін атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, дене шынықтыру бойынша оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады.

Жүзу нұсқаушысы, музыка жетекшісі, хореографинновациялық технологиялық және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын оқып білумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

      Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Ақпараттық коммуникативтік құзыретті меңгерген.

     Жүзу нұсқаушысы, музыка жетекшісі, хореограф -салауатты ортаны дамытуға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірге, сондай-ақ, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және жұмысты ұйымдастыруды, көпшілік іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады. Санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын және ұйымдастырушылық оқу қызметтерін, спорттық мерекелер және ойын-сауықтарды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларды қадағалайды. Арнайы медициналық топқа жатқызылған балалармен қосымша сабақтар өткізеді.

      Оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының есептілігі бойынша белгіленген құжаттарды жүргізеді.

       Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

       2. Білуге міндетті:

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді,

       дефектология негіздерін және тиісті әдістемелерді (кемтар балалармен жұмыс істеу барысында),

      санитария және гигиена негіздерін, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогикасын, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін, санитариялық ережелерді.

               

   3.Біліктілікке қойылатын талаптар:

       тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат;

      жоғары деңгейдегі біліктілік педагог-шебер болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымында жұмыс өтілі – 5 жыл.

      орта деңгейдегі біліктілік болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл.

      4.Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

       1) "педагог" (санаты жоқ):

      мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушысының жалпы талаптарына сәйкес келуі, сонымен қатар:

       мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс.

       2) "педагог-модератор":

      "педагог" (санаты жоқ) санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы, сонымен қатар:

       мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін білуі;

      бағдарламалық материалдың мазмұны мен құрылымын білуі;

       инновациялық әдістемелер мен технологияларды қолдануы;

       әртүрлі жас топтарында шеберлік пен дағдылардың даму деңгейін диагностикалауды жүргізуі,

      мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдістемелік жұмысына қатысуы:

       білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестерде сөйлеуі;

       кәсіби біліктілігін арттыруы;

      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс.

       3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келуі, сонымен қатар:

       мектепке дейінгі жастағы балалардың дене қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысуы;

       мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік жұмыстарға, аудан, қала деңгейіндегі іс-шараларға қатысуы: педагогикалық кеңестерде сөйлеуі,

       өзінің кәсіби біліктілігін арттыруы тиіс;

       ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін талдау дағдысын меңгеру, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау:

      білім беру ұйымы деңгейінде өз және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау.

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қоса:

       оқу бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен іскерліктерін меңгеруі;

       аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысуы;

       тәлімгерлікті тәжірибеге енгізу;

       көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл дағдыларын меңгеруі;

       мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің қазіргі заманғы әдістерін қолдануы;

       аудан, қала деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;

      сабақтарды зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дап қоғамдастықтағы даму стратегиясын конструктивті анықтау, Облыс/республикалық маңызы бар және астана қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтау.

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

       жаңа бағдарламаларды игеру бойынша эксперименталдық жұмыстарға қатысу; аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі әдістемелік жұмыстарға белсенді қатысу;

      облыста, республикада тәжірибені тарату және енгізу; авторлық бағдарламасының болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы,

      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық кәсіби конкурстарға қатысу.

 

Жауапкершілік:

4.1  Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға, протекционизмге, непотизмге және жақын туыстарына тікелей бағынуға жағдай жасауға жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау.

4.2 «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарына және жоғары тұрған басшылыққа кәмелетке толмағандардың немесе оларға қатысты, оның ішінде өзіне белгілі болған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік), білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметке байланысты фактілерді шұғыл  жазбаша хабарлайды.

4.3 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Бағалау индикаторы

4.4 Берілген тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау.

4.5 Жұмыс жоспарларының орындалу дәрежесі.

4.6 Есептер мен ақпараттарды уақытында ұсыну.

 

 

КМҚК «Ақерке» бөбекжайыныңпедагогтерін лауазымға тағайындау тәртібі

  1. КМҚК «Ақерке» бөбекжайыныңбос орындарына конкурс өткізеді.
  2. Конкурсқа www.enbek.kz веб-сайтында тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған мұғалімдер қатысады.

Конкурс өткізу туралы хабарландыру:

  1. Орналасқан жері – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, А.Сейдімбеков көшесі, 55Аүй,  КМҚК «Ақерке» бөбекжайы
  2. Пошталық мекенжайы – Жаңаарқа кенті, индекс нөмірі 100500
  3. Телефон нөмірі – 87103026709
  4. Электрондық пошта мекенжайын – akierkie.2013@mail.ru
  5. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2021 жылдың 01-ші қыркүйеккедейін

Қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. 

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

10) жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме (бар болса).

11) ҰБТ сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.

12) 12-қосымшаға сәйкес педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.