Қарағанды облысы ,Жаңаарқа ауданы, № 132 ЖОББМ оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы мәлімет. 2019ж.
№ 132 ЖОББМ асханасында Жалпы білім беру қорынан ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылар саны -76, жеңіл тамақпен тамақтанатын оқушылар саны-640.. Әлеуметтік жағдайларына байланысты 1-9 сынып аралығындағы тегін тамақтанатын оқушылар саны-76,оның ішінде 6 бала жеке кәсіпкер М.Оспанова демеушілік көмек ретінде өзі тамақтандырады.Ата-ана қамқорынсыз қалған (жетім) бала саны-9.
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім
үлгісі ,барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады.Тамақтың сапасы, құнарлығы:тамақтың дайндалуы асхананың режиміне сай, орта құнарлығы 552 ккал
Ас мәзірі, сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынады.
Буфет тағамдарының түрлі мәзірі бірден сатылып кетеді. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын, кептіретін арнайы орынның жабдықталуы бар.