Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек»
15-01-2019 13:19
«Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек»

2019 жылдың 18 қаңтар күні 132 жалпы білім беретін орта мектепте түлектермен кездесу кеші болды. Кездесу кеші әрқашан көптен күткен және мектеп түлектері мен мұғалімдері үшін толқынысты кеш болды. Ұстаздардың бақытты көзқарастары мен қуанышты жүздері, жылы естеліктер осының бәрі осы кештен күтілді.
Кездесуге келген мектеп түлектері 2014 және 2018 жыл аралығындағы түлектер еді. Түлектерге арнап мерекелік іс- шара ұйымдастырылды.Мерекелік шара туған жерге арналған «Жаңаарқа » әнімен басталды. Тағатова Ақниет «Ұстазым» әнімен жалғай түсті. Мың бұралған билерімен биші қыздарымыз кештін көркін аша түсті. Одан әрі түлектермен «Еске алу» атты қызықты ойынымен жалғасын тапты. Ойынның мақсаты өздерінің пән мұғалімдерінің есімдерін атап, қызықты сәттерін еске алу еді. Сакибаева Мақпалдың «Достарым» және де түлектердің орындауында «Қоңырау сыңғыры» әнімен шара жалғасын тапты. Түлектерге арнап 11 сынып оқушылары вальс биін биледі. Әрі қарай көңілді сахналық көрініспен жалғасын тапты. «Армандастар» әнімен Жахина Қарлығаш кешті аяқтады. Ал түлектер, өз кезегінде, осы ұмытылмас жылы кеш сыйлаған адамдарға жылы лебіздерін айтып, алғысын білдірді. Мерекелік шарадан кейін, түлектерді арнайы жайылған дастархан басына шақырды.