п. Атасу, ул. Абая, 37
2-81-08, 2-92-14
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
«Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі»
18-01-2019 13:11
«Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі»

«Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі»
“Өзге тіл – тірлік үшін, өз тілің – бірлік үшін”- демекші, қазіргі уақытта көп тіл білу – заман талабы. Тілді қорғау, тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге тілді мұғалімдер мен оқушылардың бойында патриоттық сезімді ояту мақсатында 2019 жылдың 15 қаңтарда мектебімізде «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі» атты «ашық есік» күні өтті. Өткізілудегі мақсаты: Оқушыларды ана тілімен қатар мектепте оқытылатын өзге тілдерден де теориялық білімдерін, тіл жайлы ұғымдарын тереңдету, мемлекеттік тілді сүюге, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Ашық сабақты 8 сыныптар аралығында физика, информатика, биология пән мұғалімдері жүргізді. «Сlassification of program» информатика пәні мұғалімі Байшөкенова С.А , «Evaporation and condensation» физика пәні мұғалімі Сейдуалина Ш.У, «Into to programming» информатика мұғалімі Асылбекова Ж.С, «Cell structure and tures» биология мұғалімі Садырбаева Г.А, «Locomotion sustem» биология пәнінің мұғалімі Сапаров А.М өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Ашық сабақ өз деңгейінде өтті. «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіріп ғана қоймай қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге талпындырып, заманауи көптілді әлем өміріне дайындауға көмектеседі. Балалардың болашақта тілдерді оңай меңгеруіне жол ашады деп ойлаймыз. 
Бұл ашық есік күні тілді қорғау, тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге тілді мұғалімдер мен оқушылардың бойында патриоттық сезімді ояту мақсатында өткізілді.