п. Атасу, ул. Абая, 37
2-81-08, 2-92-14
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
«Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары»
11-12-2023 10:26
«Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары»
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасы аясында барлық мектептерде «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары» ашылуда. 
Осындай орталық Жаңаарқа аудандық білім бөліміне қарасты академик Е.Шаханов атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталық) де салтанатты жағдайда ашылып, «Отбасы құндылығы – орасан игілік» атты алғашқы сырласу кешін өткізді.
 
Сырласу кешіне ауданымызға белгілі ардақты ана, ұзақ жыл аудандық кітапханалар желісін басқарған мәдениет майталманы Гауһар Жарылғапова, әйгілі Мұхамеджан балуанның келіні, мектеп ата-анасы Алтын Исина, мектебіміздің ардагер ұстаздары Гүлбараш Түсіпбекова, Баян Алашбаева, С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Әсем Жәкешова және аудандық білім бөлімінің әдіскері Әсем Мұхамедина қатысты.
Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта салт-дәстүр, әдет-ғұрып секілді ұлттық құндылықтарымыз қоғамнан қағажу көріп, өскелең ұрпақ түгілі, ересектеріміздің өзі асыл қазынамызға жатырқай қарайтын күйге жеттік. Бабаның дәстүрін, атаның жолын мансұқ еткен ұлттың болашағы бұлыңғыр болатынын айтып та, жазып та жатқанымызбен, құндылықтардың құнсыздану үрдісі айылын жияр емес. Осының бәрі – әлемдік деңгейде белең алған жаһандану процесінің кері әсері.
 
Осы мақсатта Оқу-ағарту министрлігі білім ордаларындағы оқыту жүйесін ұлттық құндылықтарға негіздеу тұжырымдамасын бекіткен болатын. Барлық білім беру мекемелерінде ашылған «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының» да көздегені – осы. 
Біздің мектепте аталған орталық аясында «Даналық мектебі» клубы құрылып, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып жүргізуді мақсат тұтқан орталықтың тұсауы салтанатты жағдайда кесілді. Клуб тұсаукесерін кеш қонақтары Гауһар Жарылғапова, Алтын Исина және Гүлбараш Түсіпбекова жасады.
 
Клуб жетекшісі, мектебіміздің ұлағатты ұстазы Нұргүл Шамаева ұйымдастырған «Отбасы құндылығы – орасан игілік» атты сырласу кеші осы олқылықтың орнын толтырғандай.