п. Атасу, ул. Абая, 37
2-81-08, 2-92-14
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
«Мен – оқуға құштармын!»
09-11-2023 21:44
«Мен – оқуға құштармын!»
Бүгін Жаңаарқа ауданы білім бөліміне қарасты Е.Шаханов атындағы тірек мектебінде ерекше жобаның тұсауы кесілді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Сенім Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде «КІТАП ОҚУ – РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУДІҢ КӨЗІ. ҚАЗІРГІ УАҚЫТ – СЕКУНД САЙЫН ЖАҢАРҒАН АҚПАРАТ ЗАМАНЫ. АЛТЫН УАҚЫТЫМЫЗДЫ ПАЙДАЛЫ ІСТЕРГЕ ЖҰМСАҒАНЫМЫЗ ЖӨН», – деген болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасы бойынша еліміздің барлық мектептерінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізілді. 
Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, білікті ұстаз Нұргүл Нагайқызы өзі жетекшілік ететін 6 «А» сыныбында «Мен – оқуға құштармын!» жобасын оқу жылының басында осы мақсат негізінде қолға алған екен.
Оқу жылының алғашқы тоқсанында сабақты себепсіз босатпауды мықтап қолға алыпты.
«Мен – оқуға құштармын!» жобасы оқушыларды себепсіз сабақтан қалмауға үндейді. «Мектеп – менің екінші үйім» деген қағиданы қазық еткен бірегей жобаның тұсаукесер рәсіміне аудандық мәслихат төрағасы Юржан Асанұлы Бекқожин, аудандық білім бөлімі әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі Гүлшат Игілікқызы Достаева және мектеп директоры Салтанат Аманжанқызы Байшөкенова бастаған мектеп әкімшілігі қатысты.
Бұл жобаны байқау десек те жарасар. Бәсекелестік бар жерде білім де, қоғам да ілгері дамиды. Сыныптастарының себепсіз сабақ босатпау бойынша бәсекеге түсуі әр сабақтың маңыздылығын көрсетсе керек! Оқу жылының алғашқы тоқсанында бірде-бір сабақ босатпаған 13 оқушы жоба жеңімпазы атанды. Салтанатты шарада Юржан Асанұлы жоба жеңімпаздарына Диплом мен сыйлық табыстады.
Жоба алдағы тоқсандарда да жалғасын табатын болады. Тоқсан сайын талабы да түрленеді. Алдағы тоқсандарда көркем шығармадан бас алмаймыз деп отыр. Оқу жылының қорытындысы бойынша да марапаттау рәсімі ұйымдастырылмақ!