Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Білім сапасын арттыру, оқушыларды бейіндік және бейіналды даярлау»
09-10-2023 14:46
«Білім сапасын арттыру, оқушыларды бейіндік және бейіналды даярлау»
«Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің (РО)» КММ-нен құралған шығармашылық топ мүшелерінің мұғалімдері қазан айының екінші жұлдызында №135 негізгі орта  мектебіне барып,  «Білім сапасын арттыру, оқушыларды бейіндік және бейіналды даярлау» мақсаты аясында өз іс-тәжірибемізбен  бөлісіп, шеберлік, зертханалық сабақтар берілді. 
     Математика пәні мұғалімі Г.А.Ермекова  6 - сыныпқа «Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы» тақырыбында шеберлік сабақ өткізді. Сабақ барысында заманауи технологиялар АКТ қолданылып, түрлі әдіс-тәсілдермен  жоғары деңгейде өткізілді. Химия пәні мұғалімі  М.М.Дауылбаева  8 –сыныпқа «Химиялық реакция типтері» тақырыбында зертханалық сабақ берді. Сабақ барысында оқушылардың  Менделеев элементерімен жасалған зертханалық жұмысқа деген  қызығушылықтары артып, сабақ өте жоғары дәрежеде өтті. Физика пәні мұғалімі Г.И.Жаркенова  8 – сыныпқа «Отын энергиясы» тақырыбында сабақ беріп, оқушылар физикалық формула мен лабараториялық жұмыстары өте қызықты болғандықтан  оқушы назарын аударта білді. Биология пәні мұғалімі А.М.Сапаров  8 – сыныпқа «Жануарлардың басым типтері мен олардың кластары» тақырыбында шебер сабақ жүргізсе, мектебіміздің психологі Л.Тусупова «Кәсіпті таңдауға қажетті дағдылар» тақырыбында 9-сыныптар арасында психологиялық тренинг өткізді. Информатика пәні мұғалімі А.Солтанғали  7-сыныпқа   «REDX роботы негізіндегі «Арқан тартыс» ойыны сабағында роботтарды жандандырып, оқушыларға робот арқылы ойын ойнауға болатыны таңғаларлық әсер етті.  2-4 сынып оқушылары арасында математикалық сауаттылықтарына байланысты есептер шығарып, оқу сауаттылығын қалыптастыру барысында түрлі әдіс-тәсілдермен жұмыстар жүргізілді.
       Осы семинар барысында іс-тәжірибемізді бөлісе отырып, өз ойымызды ортаға салып, тәжірибе алмастық. Жалпы қорытындылай келсек, аталған жұмыстардың қайсысы болмасын өзара серіктестігіміздің басты мақсатына яғни оқушылардың білім сапасын арттыруға, тұлғалық қабілеттерін ашуға, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін көтеруге бағытталады.
    «Мұғалім өзінің білімнің үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады», -  деп К.Д.Ушинский айтқандай, алдағы уақытта да  жалпы мектеп жұмысының  жандануы жолында, озық идеялармен іс-тәжірибелерді меңгере отырып, мектебіміздің оқу – тәрбие мазмұнын жақсарту бағытында тынымсыз еңбектеніп, жоғары жетістіктерге қол жеткізетінімізге сеніміміз мол.
https://youtu.be/6VtCApcPRUo
Видео сабақ Дауылбаева М.М.
#жаңаарқабілімбөлімі
#ұлытауоблысыбілімбасқармасы