
Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шығармашылық қызметті дамыту, озық тәжірибені насихаттау мен тарату және мұғалімдерді ынталандыру мақсатында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының 19.09.2018 ж.1-10 №553 хатына және аудандық білім бөлімінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2018 жылдың 22 – 26 қазан аралығында №132 ЖОББМ базасында облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының аудандық кезеңі өтті. «Жыл мұғалімі» сайысына өз мектебіміздің намысын қорғау үшін №132 жалпы орта білім беретін мектебі атынан шет тілі пәнінің І санатты мұғалімі Сандуғаш Төлеуқызы Иксанова қатысты. Мұғалімнің өмірлік ұстанымы: «Мұғалімнің сөзі мен ісі бірдей, замана талабына сай үштілді, білімді, оқушының жүрегіне жол таба алатын тұлға болуы керек».Сайыс барысында мұғалімнің шығармашылық жұмысы, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, жан-жақтылығы айқын танылды. Соның нәтижесінде, өз біліктілігін дәлелдей алған ұстаз «Бас жүлде» иемденді. Ендігі бағындырар белес облыстық «Жыл мұғалімі» сайысының биігі. 21 қараша күні өтетін облыстық кезеңде Әріптесімізге сәттілік тілейміз!