Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Жыл мұғалімі - 2018
20-11-2018 10:29
Жыл мұғалімі - 2018

  Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шығармашылық қызметті дамыту, озық тәжірибені насихаттау мен тарату және мұғалімдерді ынталандыру мақсатында  Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының 19.09.2018 ж.1-10 №553 хатына және аудандық білім бөлімінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2018 жылдың 22 – 26 қазан аралығында №132 ЖОББМ базасында облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының аудандық кезеңі өтті. «Жыл мұғалімі» сайысына өз мектебіміздің намысын қорғау үшін №132 жалпы орта білім беретін мектебі атынан шет тілі пәнінің І санатты мұғалімі Сандуғаш Төлеуқызы Иксанова қатысты. Мұғалімнің  өмірлік ұстанымы: «Мұғалімнің сөзі мен ісі бірдей, замана талабына сай үштілді, білімді, оқушының жүрегіне жол таба алатын тұлға болуы керек».Сайыс барысында мұғалімнің  шығармашылық жұмысы,  мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, жан-жақтылығы айқын танылды. Соның нәтижесінде, өз біліктілігін дәлелдей алған ұстаз «Бас жүлде» иемденді. Ендігі бағындырар белес облыстық «Жыл мұғалімі» сайысының биігі.  21 қараша күні  өтетін облыстық кезеңде Әріптесімізге сәттілік тілейміз!