п. Атасу, ул. Абая, 37
2-81-08, 2-92-14
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
Олимпиада
21-04-2023 20:01
Олимпиада

21 сәуір  күні  Еламан  Шаханов  атындағы  тірек  мектебінде  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ғылым  академиясының  академигі,  биология  ғылымдарының  докторы, профессор  Еламан  Шаханов  атындағы  биология  пәнінен аудандық олимпиада ұйымдастырылды. Аудандық олимпиадаға 18 ауыл  мектебінің  7-8 сыныптың   әр сыныбынан 1 оқушыдан,  кент  басындағы  6 мектептің  әр сыныбынан  2  оқушыдан  қатысты.  Барлық қатысушылар саны – 60 оқушы.Шаханов атындағы олимпиада ауданымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.    Олимпиада нәтижесі бойынша 7-сынып оқушылары арасында  1 орынды  Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жақан Ақбота, ал 8-сыныптар бойынша  1 орынды  Ынталы  жалпы білім беретін мектебінің оқушысы  Аманжол Самал  иеленді.  Жүлделі  1 орын иеленген оқушыларға 100 000 теңгелік сертификаттар табысталды.   2-3 орын иеленген оқушыларға  да  мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар берілді.