п. Атасу, ул. Абая, 37
2-81-08, 2-92-14
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
"Педагогикалық шеберхана"
20-03-2023 19:33
Ұлытау облысының әдістемелік орталығының "Педагогикалық шеберхана"жобасы аясында мектебімізде наурыздың 20-сы күні 2023 жылы  Алаш  қозғалысының  қайраткері, ақын, қазақ  әдебиетінің  жарық  жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жылдық  мерейтойына  орай ұйымдастырылып өткізілген «Мен-Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар » атты мектепішілік инвент жоба өтті. Инвент-жобада педагогтар өз шығармашылық шеберліктерін  көрсетуге, жұмыстарының  нәтижесімен  бөлісуге, жұмыс тәжірибесін  талдап қорытуға  мүмкіндік алды.                                           Мақсаты: Инвент-жоба мектептің білім  беру  сапасын қамтамасыз ету үшін әдістемелік өнімдерді  дайындау  арқылы педагогикалық қоғамның  озық  тәжірибелерін тарату мен жинақтау мақсатында  жүргізілді. Оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Мияшева осы жобаны ұйымдастырып, әрі қарай жобаның жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасаған жүргізуші мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е.Д.Дүйсенбаев. Жобаға мектебіміздің әр түрлі пәннен беретін 11 ер мұғалімдер қатысты. Және жобаға төрелік ететін әділ қазылар мектеп директоры Байшокенова Салтанат Аманжанқызы, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мияшева Айман Мияшевна,. аудандық білім бөлімінің әдіскері  Мухамедина Әсем Сенбина төрелік етті.                                  Инвент жоба үш номинация бойынша өтті. «Оқу-ағарту арнасы» бейнекруиз. Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық шығармашылығына арналып түсірілді. (ұзақтығы 3 минут).                                              «Рухани қазына»  әдеби музыкалық қонақжай. Мағжан Жұмабаевтың  көлемді шығармаларына арналды (шығармасын жанды дауыста орындау,сұқбат, естелік, арнау, өлеңдер, қойылым т.б.)             «Сыршыл әлем»  әдебиет сөресі. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдеріне арналды (альбом, кейіпкерге хат, буклет, тәрбиелік шаралар т.б) Номинациялар бойынша қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, төрешілер бағасын берді. Педагог мамандығы бойынша жұмыс жасайтын қатысушылар жас ұрпақтың бойына Мағжан Жұмабаевтың мол мұраларын сіңіру жолында қолданатын өздерінің түрлі әдіс-тәсілдерін ортаға салды, өнімдерін ұсынды.
 Бас жүлде иеленген   дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Аменов Нурбол Макишевич пен Ақтаев Елдос Төлегенұлы; І орынды иеленген биология пәнінің мұғалімі Сапаров Айдар Маратович; ІІ орынға ие болған  тарих пәнінің мұғалімі Абдикадиров Мереке  Жаруллаевич; ІІІ орынға ие болған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Куспеков Алмаз  Канатович; 
номинация бойынша марапатталған мұғалімдер:
Мухамеджанов Мейіржан Оразханович – тарих пәнінің мұғалімі;
Жукенов Сабыржан  Сагатович – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Әдіқамов Жұмкен Сағынжанұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
Темірғалиев Нұрболат Бекболатұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
Зарлық Мұстафа - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
Далабаев Сағынай Ондасынұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.                                            Осындай ауқымды жобалар барлық білім ұйымдарында үнемі ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді.