Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Менің таңдауым балаларға көмек көрсету» ұранымен « Мектепке жол » акциясы
04-10-2018 11:14

№132 жалпы орта білім беретін мектебінде 2018-2019 оқу жылында жылдағы дәстүр бойынша 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жалпы Республикалық  «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету» ұранымен «Мектепке жол»  акциясы өтті.  Акцияның негізгі  мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалмауын қамтамасыз ету. «Жетім көрсең, жебей жүр» - деп дана бабаларымыз жетім-жесірін жылатпаған. Акция барысында осы отбасыларының  балаларына әлеуметтік көмек көрсетілді.   Мектебімізде қолға алынған шаралар нәтижесінде 61 оқушыға   көмек    көрсетілді.Демеушілікке ата-аналар, ұстаздар, кәсіпкерлер, мекеме                                                                                                                                                                                  басшылары белсене қатысып,  нәтижесінде барлығы  560 100 теңгеге көмек көрсетілді. Олар:  Депо мекемесі 250.000 тг, «Тазасу» КМК 15000 тг, ПЧ-28, Комхоз , «Керемет»  дүкені 30.800 тг , «Аққу» базары 8450 тг , «Ақ нан» дүкені 5000 тг , «Салем» дүкені  15000 тг , СЭС «ЖД» 10000 теңгеге, «Сәт» дүкені 4800 тг , «Удача» дүкені 5000 тг, Нұр Отан  100 000 тг , Жаңаарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 21000 тг , «Бөбек» дүкені 7500 тг, «Роза » дүкені 4800 тг. «Әлем» дүкені 1753   тг , «Әлия» супермаркеті  30 000 тг , «Береке» дүкені 8500 тг . Мектебіміздің  ұстаздары Сейтмаганбетова М ,Жәкен Ш, Оразбаева Ж 12 900 тг 4 аяқ-киім алып келді.  «Магнат» дүкені 30000 теңгеге киім-кешекке көмек көрсетті.  

 «Мектепке жол» акциясына белсене қатысқан барлық азаматтарға шексіз разылығымызды білдіреміз.