№132 жалпы орта білім беретін мектебінде 2018-2019 оқу жылында жылдағы дәстүр бойынша 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жалпы Республикалық «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету» ұранымен «Мектепке жол» акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалмауын қамтамасыз ету. «Жетім көрсең, жебей жүр» - деп дана бабаларымыз жетім-жесірін жылатпаған. Акция барысында осы отбасыларының балаларына әлеуметтік көмек көрсетілді. Мектебімізде қолға алынған шаралар нәтижесінде 61 оқушыға көмек көрсетілді.Демеушілікке ата-аналар, ұстаздар, кәсіпкерлер, мекеме басшылары белсене қатысып, нәтижесінде барлығы 560 100 теңгеге көмек көрсетілді. Олар: Депо мекемесі 250.000 тг, «Тазасу» КМК 15000 тг, ПЧ-28, Комхоз , «Керемет» дүкені 30.800 тг , «Аққу» базары 8450 тг , «Ақ нан» дүкені 5000 тг , «Салем» дүкені 15000 тг , СЭС «ЖД» 10000 теңгеге, «Сәт» дүкені 4800 тг , «Удача» дүкені 5000 тг, Нұр Отан 100 000 тг , Жаңаарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 21000 тг , «Бөбек» дүкені 7500 тг, «Роза » дүкені 4800 тг. «Әлем» дүкені 1753 тг , «Әлия» супермаркеті 30 000 тг , «Береке» дүкені 8500 тг . Мектебіміздің ұстаздары Сейтмаганбетова М ,Жәкен Ш, Оразбаева Ж 12 900 тг 4 аяқ-киім алып келді. «Магнат» дүкені 30000 теңгеге киім-кешекке көмек көрсетті.
«Мектепке жол» акциясына белсене қатысқан барлық азаматтарға шексіз разылығымызды білдіреміз.