Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 445
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 706
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ қоғамы"
14-09-2022 13:59

 Е.Шаханов атындағы тірек мектебінде Тілдер мерекесі аясында ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған "Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ қоғамы" атты әдеби іс-шара 8 "Б" сынып оқушыларының қатысуымен өтті.  Әдеби іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының "Қазақ" газетінің жарыққа шығу тарихына тоқтала кетіп,"Ұлтты тәуелсіздікке үндеген "Қазақ" газеті" қойылымымен жалғасын тапты. Мерекелік іс-шарада 8 "Б" сынып оқушылары Ғабдулла Мұхаммедғалы, Медетұлы Фархат, Рахметжан Мұхаммедқасым   рөлдерді шынайы сезіммен ойнап, кейіпкерлер образдарын нақышына келтіре сомдап, көрерменге патриоттық рух беріп, қошаметке бөленді. Аталмыш іс-шара  қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері С.С.Жукенов пен К.С.Рахтаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды.