Е.Шаханов атындағы тірек мектебінде Тілдер мерекесі аясында ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған "Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ қоғамы" атты әдеби іс-шара 8 "Б" сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Әдеби іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының "Қазақ" газетінің жарыққа шығу тарихына тоқтала кетіп,"Ұлтты тәуелсіздікке үндеген "Қазақ" газеті" қойылымымен жалғасын тапты. Мерекелік іс-шарада 8 "Б" сынып оқушылары Ғабдулла Мұхаммедғалы, Медетұлы Фархат, Рахметжан Мұхаммедқасым рөлдерді шынайы сезіммен ойнап, кейіпкерлер образдарын нақышына келтіре сомдап, көрерменге патриоттық рух беріп, қошаметке бөленді. Аталмыш іс-шара қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері С.С.Жукенов пен К.С.Рахтаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды.
"Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ қоғамы"