п. Атасу, ул. Абая, 37
2-81-08, 2-92-14
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
«Бірге оқимыз!»
10-02-2022 10:29
«Бірге оқимыз!»
2022 жылдың 10 ақпанында «Бірге оқимыз!» инновациялық жобасы аясында Zoom платформасында онлайн режимінде Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі және информатика пәнінің мұғалімдері арасында тәжірбие алмасу мақсатында воркшоптар өткізілді. «№132 тірек мектебі (РО)»КММ-нің информатика пән мұғалімі Солтангали Алтынай«Информатика сабағында интерактивті технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында тәжірбие алмасты. Мақсаты: Информатика сабағында білім беру платформаларының мүмкіншілігін пайдалана отырып, АКТ құзыреттіліктерін дамыту.
Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кошкумбаева Перизат Серікқызы "Бірге оқимыз" жобасы аясында "Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың «Мәтінмен жұмыс жасау кезінде құзыреттілікті дамытуға бағытталған тиімді тәсілдер мен әдістер», Рахтаева Күмісжан Серкқызы «Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Мақсаты: мәтінмен жұмыс істеудің кезеңдерінде өз бетінше жүмыс істеу дағдысы мен біліктілігін меңгеруіне, түрлі тілдік пікір айтуға дайындалуына, жаңаша әдіс-тәсілдермен жұмыс жасауға дағдыланландыру, коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беру.
Workshop-ты ұйымдастырып отырған білім бөлімінің әдіскері Г.М. Ашықбекова және өзге мектептерден қосылған әріптестер өз пікірлерін айтып, жылы лебіздерін жеткізді.