«Дарын»
Республикалық ғылыми- практикалық орталығының және Қарағанды облысы білім басқармасының жылдық жоспарларына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада болды. Мектебімізде мектепішілік пән олимпиадасының І айналымы қарашаның 10 күні өтті. Нәтижесінде тиісті ұпай санын жинаған оқушылар ІІ айналымға жолдама алды.Сондай-ақ қарашаның 11 күні олимпиаданың ІІ айналымы болып, жоғары ұпай жинаған оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. І орын иегерлері аудандық кезеңге қатысатын болады. Мектебіміздің аудандық кезеңіне қатысатын оқушыларына сәттілік тілейміз!!!