Облыстан олжалы оралды
Халқымыз: "Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады", - деп тегін айтпаса керек. Бұл пікірге дарынды шәкірт баулуда талантымен танылған №132 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Достаева Гүлшат Игілікқызының кезекті жеңісі куә.
"Дарынды балаға - талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне мектебіміздің оқушылар құрамасы қатысып, олжалы оралып, жүлделі ІІІ орынды еншіледі.
Біз де өз тарапымыздан талантты ұстазымыз Гүлшат Игілікқызына шығармашылық шабыт пен табыс, ұстаздық жолына жемісті еңбек тілейміз.