"Болашақ" академиясы Қарағанды облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып "Жас заңгер" сайысын өткізген болатын.
Сайыстың мақсаты құқықтық ойлау қабілеті бар дарынды, шығармашылыққа бейімі бар жастарды іріктеу және қолдау, құқықтық ілім мен құқықтық мәдениетті насихаттау болып табылады.
Оқуын жоғары оқу орындарында "Заңтану" мамандығы бойынша жалғастыруға ниет білдіріп жүрген 11 "Б" сынып оқушысы Чернышова Дарья сайысқа қатысуға бел байлап, бағын сынады.
Дарья сайыстың бірінші кезеңінде "Заңгер мамандығы туралы не білемін?" тақырыбында эссе жазып, жұмысы жоғары деңгейде бағаланып, екінші кезеңге жолдама алды.
Екінші кезең құқық тақырыбында әңгімелесуден тұрды. Байқаудың нәтижесінде Дарья 2 орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар екінші орын үшін бірінші курста оқудың ақысына 50 % жеңілдікке де қол жеткізді.
Дарьяны баптап, үкілеген үмітіне сәуле сыйлаған жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Икенова Инабат Амангелдіқызына өз тарапымыздан үлкен алғысымызды білдіреміз. Шәкірттері жоғары оқу орындарына түсіп, еңбегі ақтала берсін демекпіз.