Құрметі ата-аналар! Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарына
1- сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталатынын еске саламыз.
Осыған байланысты, 1- сыныпқа қабылдау үшін уақытылы өтініш беру өте маңызды.
Өтініштерді қабылдау Еgov.kz электрондық үкімет порталы және «е-Білімал» жүйесі арқылы электрондық форматта жүргізіледі.
Сіз төмендегі құжаттарды ұсынып, egov.kz немесе e.bilimal.kz арқылы өтініш бере аласыз:
- ата-аналардан (немесе оларды алмастыратын тұлғалар) өтініш;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы бойынша құжат (баланың денсаулық паспорты);
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3х4 екі фотосурет.
Өтініш 1 жұмыс күні қаралады.
Құрметі ата-аналар!