Қасиетті қара шаңырақ - №132 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныбының ұстаздары ауыр әрі қызықты, көп ізденуді керек ететін ұстаздық үлкен жолда бел шеше еңбек етіп келеді. Халқымыз: «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады», - деп тегін айтпаса керек. Бұл пікірге дарынды шәкірт баулуда талантымен танылған мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдерінің жеңісі куә.
Мектебіміздің алдыңғы қатарлы мұғалімі Жаппарова Зәуреш Айбатқызы ұстаздық қызметінде оқушылары түрлі байқауларға қатысып, ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты оқушылардың республикалық шығармашылық сайысында 4 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысып, жүлделі орын алуда. Атап айтқанда, Мылтықбай Сабыржан республикалық Дипломға ие болды. Оқушылардың жұмыстарына жетекшілік жасағаны үшін Зәуреш Айбатқызы «АРНА» орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, «Ақ бота» интеллектуалдық марафонына Құдайберген Нұрислам қатысып, III орынға ие болса, Серғазы Олжас Сертификатқа ие болды.
«Оқыту және оқу тәжірибесіндегі жаңа тұрғылар» атты облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдар жинағына Б.Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» сабағы жарияланды. Мұның бәрі - ұстаз еңбегінің нәтижесі.
Өз ісінің білікті де, білгір маманы, бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Мустафина Жанагүл Картайқызының да әрбір күні ізденіске, талпынысқа, ұмтылысқа толы. Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадаға бірнеше оқушылары, атап айтсақ, Сымбат Құдайбергенова, Мерейім Әбікен, Айсана Қасым, Ақжолтай Сабитов, Анель Қабидолла, Аида Қалмерден, Әділ Бейсенбаев, Нұрай Меркешова, Өмір Тілеубай, Нұрдәулет Амангелді, Айша Шалгинбаева, Дарина Марат, Ислам Сайлаубек белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Республикалық «Еуразиялық гендік қор» байқауына қатысып, Аида Қалмерден ІІ дәрежелі Дипломмен және Дарина Марат І дәрежелі Дипломға ие болды. Таяуда Дарина Марат Халықаралық ментальді олимпиадаға қатысып, ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Жанагүл Картайқызының бірнеше мақалалары баспасөз беттеріне жарияланып, жинақтарға сабақ жоспарлары шықты.
Қазіргі таңдағы 2 «А» сынып оқушыларының үлгерімі, білім сапасы жоғары көрсеткішке ие болып, ұстаз еңбегінің нәтижесін паш етіп тұр деп атауға болады.