Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 47
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 651
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Тамақтану ережесі
12-02-2021 16:38
  Тамақтану ережесі

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына, Қарағанды облыстық маслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы ХХІҮ сесиясының «2021 – 2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №558 шешіміне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрығына, «Жаңаарқа аудандық білім бөлімі» ММ 03.02.2021 жылғы №19 бұйрығына сәйкес «№132 ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінде» КММ 1,2 сыныпта оқитын оқушылар мен әлеуметтік санатына қарай балалар жалпыға білім беру қорынан бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды.    

        Мектепте тегін ыстық тамақпен 1,2 сыныптарда оқитын 208   оқушы (бір балаға – 390 теңге), әлеуметтік көмек қажет ететін отбасында тәрбиеленіп отырған 35  оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды (бір балаға – 450 теңге).

       Тамақтану ережесінің ІІ тарау 2 – тармағының 22 тармақшасына сәйкес оқушылардың жасына байланысты бекітілген перспективті мәзірі басшылыққа алынған.

       Оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру мақсатында бракераждық комиссия құрылып, күнделікті берілген тамақ сапасы мен мөлшері тексеріліп отырады.

        Қазіргі жағдайға байланысты тамақтануды ұйымдастыруда санитарлық талаптар күнделікті қатаң бақылауға алынды. Мектеп медбикелері тарапынан үнемі тексеріліп, қажетті жағдайлар қадағаланып отырады. 

       Мектептердің ас блогы талапқа сәйкес ас ыдыстары мен жиһаздармен жабдықталған.