Қыс қызығы
Балалардың қиялына жақын түрлі кейіпкерлер қаз—қатар тізіліп, мектебіміздің айналасы әп—сәтте қардан жасалған мүсіндердің қалашығына айнала қалды. Мүсіндердің түр—түсі келісіп-ақ тұр. Өткен-кеткен жанның бәрі де қызықтап, суретке түсіп те жүр. Қардан жасалды демесеңіз, әдемі мүсіндер көшеге де көрік беріп тұр.
Қақаған күннің аязында қардан мүсін жасау — шыдамдылық пен шеберлікті қажет ететін өнер ғой. Былай айтуға оңай болғанымен, ерен ептілікті қажет етеді. Біздің өнерлі мұғалімдеріміз қиялға ерік беріп, шеберлікпен орындады. Түрлі-түсті етіп жасалған әсем мүсіндер қанық боялып, сонадайдан көз тартып тұр. Осындай керемет туынды жасаған мұғалімдерімізге мың алғыс! Жаңа жыл жақсылыққа жетелесін деп тілейік!