№132 базасындағы тірек мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарих пәні мұғалімі Нұршат Капаровнаның ұйымдастыруымен "Тарихи оқиға тағылымы" атты онлайн кездесу-сұхбат өтті
№132 базасындағы тірек мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарих пәні мұғалімі Нұршат Капаровнаның ұйымдастыруымен "Тарихи оқиға тағылымы" атты онлайн кездесу-сұхбат өтті. Кездесу қонағы ҚР Сыртқы Істер Министрлігіндегі дипломат, қазіргі таңда РФ Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас Консулдығының Бас Консулы Дәуренбек Ырысқали Рақымұлы болды. Бұл кездесу Ресеймен тікелей байланыста өтті. Еңбек жолы, егемендік жолында жасаған титтей де болса ерлік деп айтуға болады, ерлігі, қайсарлығы, рухани байлығы оқушыларға патриоттық рух берді. Мектеп ұстаздарымен, оқушылармен жүздесу барысында ақтарыла айтқан әсерлі әңгімелері оқушылар үшін үлкен сабақ. Ырысқали Рақымұлының 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік ұғымдарын сабақтастырған парасатты пайым мен құнды көзқарасы оқушылардың баянды болашағы үшін таусылмас рухани азық болары даусыз.