Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
№ 132 ЖОББМ оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестілігі. (1 жартыжылдық 2019-2020 ж)
23-01-2020 11:27
№ 132 ЖОББМ   оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық-гигиеналық  талаптарға сәйкестілігі. (1 жартыжылдық 2019-2020 ж)

№ 132 ЖОББМ   оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық-гигиеналық  талаптарға сәйкестілігі.

(1 жартыжылдық 2019-2020 ж)

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын  анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.

Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен  айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:

- адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;

- осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;

- адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.

Мектеп тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Жеткізілетін өнімдерді кіріс қадағалау,  олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі. 

Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.  Бастауыш мектепте тегін тамақтандырумен қамту  40%, ал орта буын және жоғары сыныптарда 60% құрайды. Бір реттік ыстық тамақ құны 480 теңгені құрайды.

        Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіледі.

Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр: тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру,  биология және технология пәндері бойынша оқу бағдарламаларының жоспарына тамақтану мәдениеті туралы сауалдарды қосу және т.б. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады,  мектептің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.

№ 132 ЖОББМ оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:

- әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;

- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;

- білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;

- қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;

- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.

             2019—2020  оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы 05.09.2019 ж № 272 бұйрық шығарылды, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар 76 оқушының тізімдік құрамы бекітілді.Сонымен  қатар  жеке кәсіпкер М.Оспанова тарапынан қосымша  аз қамтылған отбасы санатынан 6 оқушы қамтылған.

Көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.

                   Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын құжат, сынып жетекшісі мен ата-аналар комитетінің отбасын тексеру акті) негізінде қабылданады.

Тегін тамақты келесі санаттарға жатқызылатын көп балалы және әлеуметтік қорғансыз отбасылардың балалары алады:

- көп балалы отбасынан шыққан балалар;

- аз қамтылған отбасынан шыққан балалар;

- жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар (заңды өкілінің);

- қамқоршылықтағы (қорғаншылық) балалар, асырап алынған балалар;

- асыраушысын жоғалту бойынша жәрдемақы алатын балалар.

- жалғыз басты аналар.

Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау   комиссиясы құрылған. Мектеп директорының  № 255 бұйрығы 02.09.2020 ж шығарылған..

Комиссия құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, педагогикалық ұжым, медициналық қызметкер.

Комиссияның  міндеттері:

- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) бақылауды жүзеге асыру;

- тамақтандыру кәсіпорнымен қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;

- оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;

- оқушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;

- комиссияның жұмыс жоспарын жасап, оны білім беру мекемесінің әкімшілігімен келісу.

№132 ЖОББМ тамақтануды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы өндірістік қадағалауды ұйымдастырады.

Өндірістік бақылау міндеттері:

Қосалқы құжаттардың рәсімделу дұрыстығы, тағам өнімдерінің таңбалану дұрыстығы;

Өнімдер сапасы мен қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері;

Асхана блогындағы сәйкес құжаттамаларды жүргізу толықтығы, дұрыстығы және рәсімделуі

Шикізат пен дайын өнімнің тоғыспалы арналарының болуы;

Ыдыстарды жуу сапасы;

Тағамдарды сақтау шарттары мен мерзімі;

Тоңазытқыш пен технологиялық құрылғыларының дұрыс  жұмыс істеуі;

Жеке гигиенаның сақталуын және қажетті тексерістерден уақытылы өтуді қадағалау;

Залалсыздандыру шаралары және т.б.

Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған. Мектепте екі бракераж журналы жүргізіледі: шиі өнім бракеражы және дайын өнім бракеражы. Бұдан басқа бракераж комиссия жеке кәсіпкер тамақтандыру  мен мектеп асханасы арасындағы белсенді байланыстырушы рөлінде болады.Бракераж комиссия құрамы 02.09.2019 ж № 258 бұйрықпен бекітілген.

Аталмыш комиссияның жұмысының міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастыру, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады. Комиссия жұмысының міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады.

Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанЕжН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар қоғамының және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылады.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілеріне оқушыларды асханаға алып бару міндеттеледі  және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.2019-2020 ж  ақпан айынан бастап тек 59 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі,сынып жетекшілер тарапынан салғырттық байқалды,құжаттар дер кезінде жиналмады,білім бөлімі тек қана  құжаттар бойынша тізімді қабылдады,мектептің әлеуметтік педагогтарының еңбегі деуге болады,өздері  ата анамен хабарласып жинады құжатты. Кейбір сынып жетекшілер ата анаға   ақппаратты ата анаға жеткізбеген де,ол мағлұмат  осы 2 тоқсан қорытындысы бойынша 16-18.01.2020 ж өткізілген ата аналар жиналысында белгілі болды. Ендігі оқу жылында тізім жаіңартылған кезде құжатты жазда  демалысқа кетпей  тұрып тапсырасыздар.

Тамақтану блогы түрі – асхана.Отыратын орындар саны 120 орын.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана  жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Оқу жылы ішінде ас мәзірінде балғын көкөністер болады.

Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте  әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды.

 Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.

Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасайды. Мұнда әр түрлі пісірілген тағамдар  мен әр алуан шырындар сатылады.

             Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі,ауыз су фильтрі орнатылған.

 Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы3орын бар.

                 Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.

Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:

- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;

- оқушыларға салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;

- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;

- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;

Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін бірқатар қызметкерлер жұмылдырылған, олар ең алдымен асхана жұмыскерлері болып табылады.

 

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары    Б.А.Алашбаева