Қаражат жинауға тыйым салу
2024-2025оқу жылында бөбекжайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру барысында ҚР-ң 2015жылы 18 қарашадағы № 410 -V Заңын, ҚР-ң 2007жылғы 27 шілдедегі №319-Ш "Білім туралы" Заңының 63-бабына сәйкес бөбекжай тәрбеленушілерінің ата -аналарынан және өзге де заңды өкілдерінен заңсыз қаражат жинауға жол бермеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. КМҚК "Қарлығаш" бөбекжайында топты безендіру, ағымдағы жөндеу жұмыстары т.б.бойынша ақша жинауға тыйым салынсын.
2. Бөбекжай қорына және мерекелерді желеу етіп ақшалай қаражат жинауға тыйым салынсын.
3.Ата -аналар тарапынан көмек ретінде демеушілік берілсе, түскен қаражатты есепке алу және есеп беру, жоспарлау және пайдалану мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің қатаң сақталуы қамтамасыз етілсін.
4. Бұйрықтың орындалу жауапкершілігін әдіскер -Ш.Абдикаримоваға және өзіме қалдырамын
5. Барлық қызметкерлер бұйрықпен таныстырылып қол қойылсын.