Атасу кенті, Тәуелсіздік көшесі, 2
2-81-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру" атты мақаласы бойынша 2018-2019 оқу жылына "Қарлығаш" балабақшасында "Тәуелсіздік күні" және "Балабақша туған күніне" орай өткізілетін апталық
01-12-2018 08:37
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың

Бекітемін

«Қарлығаш»    балабақшасының

басшысы                    Жумкина Д.Б.

 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша  2018-2019 оқу жылына «Қарлығаш» балабақшасында «Тәуелсіздік күні» және «Балабақша туған күніне» орай өткізілетін апталықтың жоспары

Өткізілетін іс-шаралар

Мақсаты

Мерзімі

Жауапты

1

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты  апталықтың салтанатты ашылуы

 

Балаларға «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» екендігін түсіндіре отырып, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

30.11.2018

Шығармашылық топ

2

«Елімнің  еркіндігі - Тәуелсіздік» атты шахмат, тоғызқұмалақ ойыны

Тәуелсіздік – еліміздің еркіндігі, тұғыры екендігін түсіндіре отырып, балаларды шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын аса ұқыптылықпен, ықтияттылықпен ойнауға үйрету.

4.12.2018

Абдикаримова Ш.М

Психолог-ұйымдастырушы

Жетпісбаева Д

тәрбиеші

3

«Тәуелсіздік нышандары» атты әнұран сайысы

Балаларға мемлекеттік рәміздерді түсіндіре отырып, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін оятып,құрмет тұтуға тәрбиелеу.

5.12.2018

Қалдыбекова С.А

музыка жетекшісі

4

«Тәуелсіздік толғауы» атты көркем сөз байқауы

Балаларға  ата-бабамыз армандаған тәуелсіз елде өмір сүрген бақытты ұрпақ екендігімізді түсіндіре отырып, бойларына жақсы қасиеттерді сіңірту, жаттаған жыр-шумақтарын әсерлі, мәнерлі етіп айтқызу.

6.12.2018

Құдайбергенова Д.Б

Қазақ тілі оқытушысы

5

«Тәуелсіздік тірегі –білімді ұрпақ»

«Ақылды бала» зияткерлік ойыны

Балалардың бойына еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, мақтаныш сезімдерін ояту және білімді болуға тәрбиелеу.

7.12.2018

Абдикаримова Ш.М

Психолог-ұйымдастырушы

 

6

«Тәуелсіздікке, туған күнге тарту» қолөнер, сурет байқауы

Отан, туған жер,табиғат, еліміздің басты нышандары, Бәйтерек, Астана тақырыбында сурет салу арқылы бала бойына өз еліне деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

10.12.2018

Қойманова А

Мұражай жетекшісі

7

«Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты қорытынды гала концерт

Апталықты қорытындылай отырып, жетістікке жеткен топтарды, бүлдіршіндерді мадақтау.

12.12.2018

Шығармашылық топ