Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Тәуелсіздік көшесі, 2
2-81-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Қарлығаш бөбекжайы
25-11-2021 10:52
Қарлығаш бөбекжайы

 «Қарлығаш» КМҚК бөбекжайы

Хаттама

25.11.2021

Жаңаарқа кенті

Төрайымы: Б.А Туребаева

Хатшы: Д.Б Кудайбергенова

Қатысқандар:15

Күн тәртібінде:

1.Тәрбиешінің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп

 

1.Тыңдалды: Тәрбиешінің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп

Сөйледі: Бөбекжай директоры  Д.Б Жумкина

         Педагогикалық этикада ұстаздың адамгершілік қасиеттері қоғамдық құндылыққа айналады, бұл қасиеттерсіз мұғалімнің басқа да кәсіби қасиеттері мен икемділіктердің құндылықтары жойылады. Зияткерлік және психологиялық қасиеттермен бірге жауапкершілік, абырой, әділеттілік, шынайылылық, ар-ұят, қарапайымдылық сияқты қасиеттер педагогикалық беделдің негізгі құрауыштары болып табылатындығын сөз етті.  Егер кез келген педагог ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз жұмысын жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола  отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер  ұстаз бола алатындығын айтты. Педагогикалық әдептің тармақшаларына тоқталып, түсіндіріп өтті.Сондай-ақ әр тәрбиеші, педагогтар өзін жетілдіру үшін үнемі ізденісте болу керектігін баса айтты.

Қаулы етті: Тәрбиешінің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдепжөнінде айтылып, түсіндірілді деп есептелсін.

Шешімі:

Тәрбиешінің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдепжөнінде айтылып, түсіндірілді деп есептелсін.

 

 

Төрайымы:                                                             Б.А Туребаева

Хатшы:                                                                  Д.Б Кудайбергенова

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 2007 жылы 27 шілде №319

 

51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға міндетті

Этика - әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым.

Педагогикалық  әдеп  дегеніміз не?

Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады және педагогикалық адамгершіліктің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық еңбектегі адамгершіліктің ортақ қағидаларының жүзеге асырылуын қадағалайды, оның негізгі қызметтерін және этикалық категорияларды қарастырады.

Педагогикалық әдептіліктің көрсеткіштері:

Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі үшін атқарылатын кәсіптік жауапкершіліктің көрсеткіштері:

  • кәсіпке, қоғамға деген қарым-қатынас
  • Тәртіпті болу, өзіне және балаларға қаталдықпен қарау
  • Эмоцияналдық байсалдылық, әдептілік
  • Ұжымдағы әріптестермен жақсы қарым-қатынас

Педагогтың өзінің алдына қойған жоғарғы талаптардың көрсеткіштері:

  • Әділ болу, балалардың бәрінің бірдей екендігін мойындау
  • Өз мінез-құлықтарына баға беру,өзін-өзі сынау
  • Өзін-өзі үзбей жетілдіріп тұру.

 Педагогикалық әдеп:

  • тілдесу, қарым-қатынас жасау кезінде
  • сөйлесу икемділігінде
  • оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу икемділігінде
  • өзін-өзі ұстай алу және талап ету икемділігінде
  • ескертужасаған кезде
  • баланың мінез-құлқына баға берген кезде
  • мадақтау және жазалай білу икемділігінде
  • дауыс ырғағында

 Педагогикалық әдептің ерекшеліктері:

1)    ұстаздың кәсіби мінез-құлығындағы, іс-әрекетіндегі өлшем

2)    ықпал етудегі және өзара әрекеттесудегі әдістерді, түрлерді, тәсілдерді таңдау өлшемі

Әдептілік - педагогтың мінез-құлығындағы ерекшелікке айналу керек.

 Педагог қызметінде өз пәнін жетік білу және оқытудың әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеру  маңызды ма, әлде оның педагогикалық мәдениеті мен өмірлік ұстанымы маңызды ма?

 «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді».

                                                                                                          К.Д.Ушинский

 Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Педагогикалық шеберлік.

Педагогикалық шеберлік дегеніміз:

  • педагогтың өз функционалдық міндеттерін  жетік білуі
  • оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде білуі
  • педагогтың өмірге деген көзқарасы
  • педагогикалық әдеп

  Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері:

  • Кәсіптік білім
  •  Біліктілік
  •  Дағды
  •  Кәсіптік қабілет
  •  Педагогикалық әдеп
  •  Педагогикалық техника

Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болуы керек?

Педагогтың бойында болу керек қасиеттер (оқушылардың пайымдауы бойынша):

  • Мейірімділік
  • Балаларға деген шынайы махаббат
  • Эмоционалдық байсалдылық
  • Әділдік
  • Балаларға деген зейін
  • Қайырымдылық
  • Сергектік
  • Өмірді сүйгіштік
  • Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу
  •  Жігер

Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер:

(оқушылардың пайымдауы бойынша)

  1. Дөрекілік

  • тәрбиеленушініжеке тұлға ретінде қабылдамау, сыйламау
  • Әділетсіздік
  • Өзін-өзі ұстай білмеу
  • Әдепсіздік
  • Балаларға немқұрайлы қарау
  • Өзініңжұмысына немқұрайлы қарау

 Педагогикалық этикада ұстаздың адамгершілік қасиеттері қоғамдық құндылыққа айналады, бұл қасиеттерсіз мұғалімнің басқа да кәсіби қасиеттері мен икемділіктердің құндылықтары жойылады. Зияткерлік және психологиялық қасиеттермен бірге жауапкершілік, абырой, әділеттілік, шынайылылық, ар-ұят, қарапайымдылық сияқты қасиеттер педагогикалық беделдің негізгі құрауыштары болып табылады.

    «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума табиғи қасиетті меңгерген дана адам болу керек».

                                                                                                       Әл-Фараби

  • өнер-білімге құштар
  • мүшелері мүлде мінсіз;
  • жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін;
  • өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз;
  • өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын;
  • тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл;
  • жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын;
  • жаратылысынан игі істерге ынтызар;
  • әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін;
  • жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасықтық атаулыға мүлде рақымсыз қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек;
  • бойына туа біткен он екі қасиетке ие болған, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастырған адам ғана нағыз ұстаз, жұртқа жақсы басшы бола алады.

Педагог пен  тәрбиеленушінің жеке әлеуметтік-психологиялық өзара қарым-қатынасындағы педагогикалық әдептің алатын орны

1. Қатынас жасау, тілдесу өнері:

  • өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу;
  • бақылай, қадағалай алу;
  • назарды басқа жаққа аудара білу;
  • тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін  түсіне білу және оны ескере білу;
  • “жүзіне қарап оқи алу”;
  • оқушылармен байланыс жасай алу.

2. Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу, өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, баланың тұлғалық қасиеттерін аша білу, оған ықпал ету және т.б.);

Қарым-қатынас жасау арқылы шешетін мәселеңізді айқын және нақты тұжырымдап алыңыз;

3. Қарым-қатынас жасаудың стратегиясы мен әдіс, жолдарын ойластырып алыңыз, баланың санасы мен мінез-құлқына ықпал ететін әдістерді таңдап алыңыз;

4. Тәрбиеленушілермен қарым-қатыста тілдесуді “тік”, жоғарыдан төменге қарай емес (педагог баладан биік), керісінше, “көлденең” (педагог пен оқушы бірдей) дәрежесінде ұйымдастырған жөн;

5. Балалармен қарым-қатынас жасауда олардың көңіл-күйін түсінуге талпыныңыз, сыныптағы климаттың кішкентай болса да өзгерістеріне назар аударып тұрыңыз;

6. Тәрбиеленушілермен қарым-қатынастағы бастаманы өз қолыңызға алыңыз, есіңізде болсын, өзіндік бастама оқушылармен ынтымақтастықты жасауға Сізге көмектеседі;

7. Тілдесу кезінде өзіңізді еркін ұстаңыз, ешқандай бөгеліп қалушылық, бейберекет қозғалыс, бос күлкі болмау керек;

8. Балалармен сөйлесуде белгілі бір қалыпты ұстанудан алыс болыңыз:

өзіңізді өзіңіз ұстай білуде, оқушылардың мінез-құлқына деген таптаурындық қарсы шығуларда, алдын ала жасалынған жоспар бойынша тілдесуде және т.б.;

9. Кейбір балаларғадеген  келеңсіз ойларыңызды, қарым-қатынасыңызды көрсетпеуге тырысыңыз;

10. Оқушылармен қарым-қатынаста мақтауды, мадақтауды, қолдау көрсетуді, мақұлдауды қолданыңыз;

11. Оқушыларды ести және тыңдай алу керек;

12. Жиі-жиі күліп жүріңіз, күлкі балалармен тілдесуге, қарым-қатынас жасауға көмектеседі.

  Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:

  • Балаларға әрқашан сенім көрсету;
  • Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесу;
  • Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беру;
  • Әр түрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға болу;
  • Әр түрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға болу;
  • Балалардың, әріптестердің ішінде өз сезімін ашық білдіру;
  • Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатиялық дәрежеге  ұмтылу.
  • Педагогикалық жағдайлар:

  1. Бірінші бағамда оқитын Айдын сабақтан кейін мұғалімнің үстеліне таянып: “Білесіз бе, мен Сізден кеңес алайын деп едім....” деп сөзін бастап еді, мұғалім: “Сен мұғалімнің алдында қалай тұрсың?” – деп ашуланады, содан кейін ғана: “Менен не сұрайын деп едің?” – “Жоқ, ешнәрсе” – деп Айдын түнере жауап береді де, сыныптан шығып кетеді.

 2. Екінші бағамда оқитын Айгүлге келген хат мұғалімнің қолына тиеді. “Төлегеннің түрі!” – деп, ұстаз хаттағы қателерді түзей бастайды. “Төлеген” сыныптан атып шығады да, мектепке келмей қояды.

  Педагогикалық техника  - педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешені.

Педагогикалық техника дегеніміз:

  • дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемділігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі, интонация, сенім туғызуы);
  • жест және мимиканы, пантомимиканы қолдана білу икемділігі;
  • өзінің психикалық жағдайын – сезімдерін, көңіл-күйін - басқара алу икемділігі;
  • өзін-өзі сырттай көре алу икемділігі (әлеуметтік перцепция).

Сөйлесу кезінде қолыңызды айқастырмаңыз, аудиторияға бетіңізбен бұрылып тұрыңыз, араларыңыздағы қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа қозғалған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып тұрған ақпаратыңыздың маңыздылығы күшейеді, ал артқа қозғалсаңыз тыңдаушыларға кішкене дем алуға мүмкіндік бересіз.

Мимика – беттің қимылдары арқылы өз сезіміңізді, ойларыңызды, көңіл-күйіңізді көрсету өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас адамдарға көп әсер береді. Мимика ақпараттарды жақсы қабылдатуға көмектеседі.

Педагогикалық техника педагог іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді бірігуіне ықпал жасайды:

Педагогтың киімі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жарасымды болу керек;

Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ету мақсатында таңдалу керек;

Педагогтың  жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс. Педагог өзіне-өзі сенімді болуы керек.

Педагогтың дене күйі, тұрған тұрысы:

  • Түзу дене күй – сенімділік, зеректік, кішіпейілділік;
  •  Оқушыларға теріс қарап тұрып сөйлеу – қызығушылықтың жоқтығы;
  • Қырымен тұру – теріс, негативті қарым-қатынас;
  • Сұрақ қойғанда алдыға қарай еңкею – дұрыс, оң қарым-қатынас;

Егер кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола  отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер  ұстаз бола алады.