1-сыныпқа бала қабылдау
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып,2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады,деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспазөз қызметі.
Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің http//xn--gov-gdd.kz/ веб-порталы арқылы немесе қағаз тасығышта жүзнге асыра алады.
Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата -анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.Өтінішпен бірге №065/у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама,№052-2/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3x4 фотосуреті болу керек.Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда,дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.