Кенжебай Самай ауылы
5-11-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Рекомендации по организации деятельности межведомственных экспертных групп по контролю за качеством питания
09-12-2020 15:40
Рекомендации по организации деятельности межведомственных экспертных групп по контролю за качеством питания

Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі

ведомствоаралық сараптамалық топтың қызметін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

 

  1. Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ (бұдан әрі – Сараптамалық топ) тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялардың) қызметінің тиімділігіне жүйелі талдауды жүзеге асырады және балалардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Сараптамалық топтың міндеттері:

- бракераждық комиссиялар қызметінің мониторингі;

- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бақылау;

- өңірдегі балалардың тамақтануын ұйымдастыру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

- байқаушылар ретінде қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық комиссияға қатысу;

- өңірдің білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- балалардың дұрыс тамақтануын насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу;

-халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өрескел бұзған қызметтерді жеткізушілердің есебін жүргізу.

2. Сараптамалық топ адалдық, құзыреттілік, парасаттылық және ашықтық қағидаттарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған функцияларды орындайды.

3.Сараптамалық топ келісім бойынша әкім аппаратының, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық даму істері жөніндегі басқармалардың, мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңестердің, саяси партиялардың, ата-аналар қоғамдастығының, сондай-ақ балалық шақ саласындағы үкіметтік емес ұйымдардыңөкілдерінен құрылады.

Топтың құрамы қажет болған жағдайда өзгеруі мүмкін.

Сараптамалық топты білім басқармасының басшысы басқарады.

Сараптамалық топтың төрағасы немесе төрағасының орынбасары жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның қызметін үйлестіреді және Сараптамалық топқа жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді.

Сараптамалық топтың хатшысы Сараптамалық топтың мүшелерін және шақырылғандарды отырыстың күні, күн тәртібі және басқа да мәселелер туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді, Сараптамалық топтың мүшелеріне шешімдердің жобаларын және өзге де құжаттарды жіберуді жүзеге асырады.