Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу станциясы
5-02-18
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Тіл- ұлттың қазынасы
05-09-2018 16:00
Тіл- ұлттың қазынасы

 Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халық тілдері күні болып бекітілді. Осы бұйрықты басшылыққа ала отырып, тілдер мерекесіне орай мектебіміздің тіл мамандары тілдер апталығын ұйымдастырды. Апталық барысында жоспар жасалып, әр түрлі іс – шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Апталықтың алғашқы күнінде тіл мамандары   «Тіл – рухани байлығым» атты тақырыпта оқушыларға үш тілде  баяндама оқытты. Баяндаманы 9 – сынып оқушысы Қанат М. орыс тілінде, 9 – сынып оқушысы Ибрагимова Ж. қазақ тілінде, 8 – сынып оқушысы  Қанат А. ағылшын тілінде баяндама оқыды. Мұндағы мақсат оқушыларды үш тілдің  маңызы мен қоғамдағы орны, жас ұрпақтың ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттырады. Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелейді. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Қажыбаева А. мен тіл мамандары Ахмет Байтұрсыновтың өмірі және шығармашылығынан көрме ұйымдастырды.  Апталықтың екінші  күнінде қазақ  тілі пәнінің мұғалімі Мүсілім М. рухани жаңғыру аясында «Менің Қасиетті Қазақстаным» тақырыбында эссе жазуды тапсырды.  9 – сынып оқушысы Ибрагимова Ж., 8 – сынып оқушысы Қанат А., 7 – сынып оқушылары Азамат Г. мен Мадиева Г., 6 – сынып оқушылары Жұмабай Қ. пен Көшен Б. берілген тақырыпта жазған эсселері өте жақсы жазылған.Апталықтың үшінші  күнінде орыс тілі пәнінің мұғалімі  Коптыбаева А. «Вокруг слова» орыс тілі пәнінен лингвистический турнир өткізді. Әр сыныпқа жекелей тақырыптар ұсынылып тапсырмалармен жұмыс жүргізілді. 5 – 9 сынып оқушылары белсенділік таныта отырып қатысты.Апталықтың төртінші күнінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жандаулет Г. «English is for» ағылшын тілі пәнінен тапсырмалармен жұмыс жүргізді. Тапсырмалар сыныптарға жекелей берілді. Оқушылар тапсырма орындау барысында сөйлемдерді ағылшын тіліне аударды. Барлық оқушы жаппай ат салыса қатысты.Апталықтың бесінші күнінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қоранова А. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, шығармаларынан үзінді жатқа оқу жұмысын жүргізді. Белсене қатысқан оқушылар көзге ерекше түсті. Атап айтсақ, 6 – сынып оқушысы Көшен Б. Пен Қазкенұлы Ж., 7 – сынып оқушылары Азамат Г. Мен Мадиева Г., 8 – сынып оқушылары Қанат А. мен Қазкенұлы Р., 9 – сынып оқушылары Ибрагимова Ж. мен Қанат М. ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу барысында белсенділік танытты.Апталықтың соңғы күнінде «Тілге құрмет – елге құрмет» қорытынды кеш ұйымдастырылды. Қорытынды кеш барысында 5 – 9 сынып оқушыларының  қатысуымен  «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты тақырыпта сайыс өткізілді. Сайысқа мектеп оқушылары үш топ болып қатысты. Сайыс алты кезеңнен тұрды. Сайысқа үш топтың оқушылары белсене қатысты. Нәтижесінде «Сұңқар» тобының оқушылары  үздік деп танылып І орынға ие болды. Бұл топтың көшбасшысы Қанат М. өзінің және топтағы оқушыларының үздік екенін дәлелдеді. Ал, «Тұлпар» мен «Болашақ» тобындағы оқушылар бірдей дәреже ІІ орынға ие болды. Сайыс  соңында апталыққа белсене қатысқан оқушыларға сыйлықтар беріліп, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.Жалпы айтқанда апталық барысында жоспарланған жұмыстардың барлығы жүзеге асырылды. Алдағы уақытта да «Тіл туралы» Заңын насихаттау мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілу көзделуде.