Атасу станциясы
5-02-18
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Әкімшілік

Байменов Салахитдин Сарсенович 1963 жылы 12 мамырда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен селосында дүниеге келді.

1980 жылы Түгіскен орта мектебін тәмәмдәп, «Жеңіс» совхозында электрик маманы болып жұмысқа араласты.

1981 жылы Жезқазған Педагогикалық институтына түсіп, 1986 жылы сурет, сызу және еңбек пәнінің мұғаліпмі ретінде диплом алды.

1986 жылы Түгіскен орта мектебіне жұмысқа қабылданып желтоқсан айында Отан алдандағы әскери борышын өтеп, 1988 жылы мектептегі жұмысты жалғастырды.

Ұстаздық ете жүріп, мектепте бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылы Кенжебай-Самай негізгі мектебінде басшылық қызметінде болды.

2004 жылыдан бастап Атасу стансасындағы №135 негізгі орта мектепке директордың ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

 

Жетістіктер

Білім беру үрдісінде инновоциялық қызмет арқылы білім сапасын арттыру, оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында жүйелі іс-шаралар жүргізіп, білім саласында жоғары рейтинг көрсетуге ықпал жасады. Оқушылар түрлы олимпиядаларға, интеллектуалды байқаулар, конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Оқу-ағарту министірлігінің №514 бұйрығына сүйене «Атамұра» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауында 8-сынып оқушысы Жаңқабыл Аружан 1-орынмен марапатталды. Аудандық «Сиқырлы саусақ» көрмесінде бірнеше рет марапатқа ие болды.

2011 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталық АҚ курста Алматы және 2016 жылы Қарағанды қалаларында, 2015 жылы оқу әдістемелік орталығында Қарағанды қаласында 2019-2020 жылдар аралығында педагогикалық шеберлік ораталығында Астана қаласында «Көсбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» курстарында біліктілікгін шыңдады.

«Қазақ педагогикасы» республикалық ғылыми-әдістемелік, ақпараттық танымдық педагогикалық журналына «Интерьер/ экстерьердегі ландшафт элеметтері» ашық сабағы жариланды.

Аудандық білім бөлімінің 2017,2019, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ мадақтамалары және 2017 жылы облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.