ст. Атасу
5-02-18
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
Берекелі Алтын күз
29-10-2021 21:16
Берекелі Алтын күз

N135 негізгі орта мектебінде 28.10.2021 күні 5-9 сыныптар арасында "Берекелі Алтын күз" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушылар сайыс барысында ашықтық, ұйымшылдық, ептілік, белсенділік қасиеттерін дамытады. Күз мезгілінің артықшылығы, жомарттылығы, байлығы туралы түсініктері жан-жақты қалыптасады. Сайыс барысында ортада қысылмай сөйлеп, ойларын еркін жеткізуге, өнерлерін көрсетіп, ән-тақпақтарын жатқа айтуға дағдыланады.
Өткізілу барысы сайыс түрінде өтті. Екі топ қатысты.
"Алтын қазына"және "Күзгі бақ" тобы. Әр топта 5 оқушыдан.
Іс-шара 4 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру (әр топ мүшелерін таныстырып, төс белгілерін қазылар алқасына тапсырады)
2. Өнер көрсету (әр топ өнерлерін көрсетеді)
3. Парасатты арулар мен білімді жастар ( викториналықсұрақ-жауап )
4. Үй тапсырмасы "Қолөнер туындысы" ( әр топ дайындаған жұмыстарын көрсетеді )
Әділқазылар алқасында кәсіподақ ұйымының төрағасы Арыстанов Мухамедия Жайлайбайұлы, Бастауыш сынып мұғалімі Ермекбаева Айман Далабайқызы, мектеп психологі Айнекова Салтанат Маратқызы төреліктерін айтуға қатысты.
І кезең бойынша екі топ, топтарын таныстырып, ұрандарын,таныстыру сөздерін айтып, төс белгілерін қазылар алқасына тапсырды.
ІІ кезең бойынша екі топ өнерлерін көрсетіп, әндерін айтып шықты.
ІІІ кезең бойынша екі топ викториналық сұрақтарға жауап берді.
ІV кезең бойынша екі топ қол өнер туындыларын көрсетіп таныстырып шықты. Әділқазылар алқасы екі топты тең ұпаймен І орынмен марапаттады.