Атасу станциясы
5-02-18
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Шеберлер әлеміне саяхат
15-10-2021 21:11
Шеберлер әлеміне саяхат

 N135 негізгі орта мектебінде "Шеберлер әлеміне саяхат"эстетикалық сауаттылық апталығының"Гүл шоқтары мен жапырақтар"(аппликация техникасы)және"Табиғи материалдардан бұйымдар" тақырыбында 1-4 сынып оқушылар арасында көрме ұйымдастырылды. Әр оқушы жас ерекшелігіне, шығармашылық қабілетіне, эстетикалық талғамына қарай өздері жасаған бұйымдарды таныстырды. Күзгі бақ жапырақтарымен, гүлдермен аппликация қағаздарын қолдану арқылы жасалынған композициялары ерекше көз тартымды болды. Оқушылар жан-жақты ойластырылып, ой ұшқырлығымен қоса табиғи материалдарды тиімді пайдалану нәтижесінде бір - бірімен үйлестіре білген. Атап айтсақ,4-сынып оқушылары Серікбай Шапағат, Жакупек Альбина көркем де бейнелі композиция жасаған.Сол сияқты 3-сынып оқушылары Ібіратай Нұрболат, Сейфолла Сакен, Ибрагим Сабираның жұмыстары аталып, ерекше мақтауға ие болды. "Гүл шоқтары мен жапырақтары" тақырыбында 4-сынып оқушылары Серік Каусар, 2сынып оқушысы Әмзе Әли қалдық материалды тиімді қолдану тәсілін игеріп өз жұмыстарында тамаша идеяларын іске асырған. Көрме соңында осы жұмыстарды қорытындылай келе әр оқушы ерекше мақтауға ие болды.