Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу станциясы
5-02-18
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 445
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 706
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Ана тілін құрметтеу - ұранымыз, Тарихы мықты елдің ұранымыз!
05-12-2017 15:30

Мектебімізде 21 - і қараша мен 5 - і желтоқсан аралығында "Ана тілін құрметтеу - ұранымыз, Тарихы мықты елдің ұланымыз" атты тақырыпта өткен қазақ тілі және тарих пәндерінң онкүндігі өтті. Қазақ тілі және тарих онкүндігінің ашылуында "Мәңгілік ел - мәртебелі тіл" атты тақырыпта 9 - сынып оқушысы Қайратова Аружан және "Латын әліпбиі" жайында Қанат Мирас баяндама оқыды. Онкүндіктің екінші күнінде қазақ тілі және қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі Мүсілім М. "Мақал - сөздің мәйегі" мақал - мәтел айтудан жарысын өткізді. Үшінші күні тарих пәнінің мұғалімі Садвакасова Б. "Тарихи танымдық сұрақтар" жұмысын жүрзізді. Төртінші күні қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Қоранова А. "Латын әлипбиі" қазақ тілі пәнінен тапсырмалар ортындатты. Бесінші күні  қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына орай бидің тауып айтқан сөздерінен  үзінді жатқа оқу сайысын өткізді. Алтыншы күнінде тарих пәнінің мұғалімі "Ойлы болсаң, озып көр" атты тарихи ойын өткізді. Онкүндіктің  жетінші күнінде қазақ тілі пән мұғалімінің  басшылығымен шешендік сөздерден, қазақ ертегілерінен көріністер қою жұмысы жүргізілді. Ал онкүндіктің сегізінші күнінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі "Мәңгілік ел-мәңгілік тіл" тақырыпта шығармалар байқауын өткізді. Тоғызыншы күнінде "Тәуелсіздік-Мәңгілік ел мұраты" тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Онкүндіктің  соңғы күнінде қазақ тілі мен тарих пәндерінің қорытынды кештері өтті. "Сөзмерген" сайыс түрінде өтті.