Ұстаз-мектеп жүрегі

Ұстаздар күніне орай Мүсілім Мәншүк жетекшілік ететін 7-сынып оқушылары және Абайдулина Шолпан жетекшілік ететін 1-сынып оқушылары "Ұстаз-мектеп жүрегі" атты іс-шара өткізді. Оқушылар ән айтып, би билеп, көрініс қойып іс-шараның өте жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Ұстаздардың қатысуымен ойын өткізілді. Мектеп түлектерінің ұстаздарға деген жылы лебіздері бейнероликке түсіріліп, ұстаздарға тарту етілді.