«Білім күні» 1 қыркүйек
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Манадыр негізгі орта мектебі 2024-2025 оқу жылында «Білім күні» 1 қыркүйекте, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында мектептің барлық қауымдастығының қатысуымен 1-9 сынып оқушылары үшін салтанатты жиын өткізілді. Мектеп директоры: Е.С.Мукановқа сөз кезегі берілді. ЖАҢА оқу жылы мен құттықтап мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге оқуда озат оқушы болуларына тілек білдірді.