Манадыр станциясы
5-19-77, 5-12-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай....» атты республикалық Online форматта кездесу
09-02-2024 11:36
 «Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай....» атты республикалық Online форматта кездесу
08.02.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы «MENІŃ BAÝYRYM» жобасын іске асыру аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай....» атты республикалық Online форматта кездесу өткізді.
Іс-шараға Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз ауылындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мұражайы, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Мыңадыр негізгі орта мектебі, Шет ауданы Ақой жалпы білім беретін мектебі, Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептерінен оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар ZOOM арқылы байланысқа шығып қатысты.
Мақсаты: М.Мақатаевтың шығармашылығы мен өмірі ақынның сөзіне жазған әндерді жас ұрпаққа насихаттау болды. Оқушылар өз шығармашылығын жатқа оқыды. Алматы облысындағы ақынның туған жері Қарасаз ауылындағы мұражайға онлайн саяхат жасап, тың мәлеметтер, керемет әсер алды. Мектеп ұстаздары: О. Кожабаева, А Абдряева және педагог -психолог Диана Саутбаева ағынның сөзіне жазылған әндерді әуелете шырқады. Өткен жылғы аудандық М.Мұқағали оқуында әннен бас жүлде иеленген А. Бақыбекова көпшілік қауымды тәнті етті.