"Жаман әдеттерден аулақ болайық" Психологиялық тренинг
"Жаман әдеттерден аулақ болайық" өзін -өзі басқару ұйымымен отырыс өтті.
Психологиялық тренинг:
Мен ақылдымын
Мен жаспын,қандай әдемімін
Мен ұзақ өмір сүремін
Менің қолымнан жақсылық келеді
Мен барлық туыстарымды жақсы көремін.
Қандай жағымсыз әрекеттерді білесіңдер? ( ішімдік, нашақор,темекі) оқушылар жауаптары жақсы дұрыс айтасыңдар.
Әр оқушыға сұрақ қойылды нақты жауап берді.
Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек.
1) ерте тұру
2) орта тазалығын сақтау
3) дене шынықтыру
4) үнемі сергек жүру
5) көп ұйықтап жалқау болмау
6) артық тамақ ішпеу
Осы қасиеттерді сақтасақ адам бойында жағымсыз әрекеттер болмайды. ДЕНСАУЛЫҚ сөзіне салауатты өмір салтын сипаттайтын сөздермен тіркестіру.
Д-демалу
Е- еңбектену
Н- нашақорлыққа жоламау
С- салауатты өмір
А- алғырлық
У- уайымсыз өмір
Л- лайықты өмір
Ы- ынта
Қ- қозғалыс осының барлығы адам бойынан табылса денсаулығына ешқандай күмән келтірмейді. Әр адамның мәні де сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз. Уақытты бос өткізбей өмірдің қызығын көру өз еншіңізде.