Айнабұлақ негізгі орта мектебінде денсаулық күніне байланысты өткізілген іс – шараға оқушылармен қатар ұстаздар да ат салысты.
Ұраны: «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!»
Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Спорттың дене шынықтырудың маңызын түсіндіру; оқушылар мен мұғалімдер арасында педагогикалық ынтымақтастықты, өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту; салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін дене тәрбиесімен айналысу қажеттігіне үгіттеу.
1 – 9 сыныптар арасында сынып жетекшілер «Салауаттылық - денсаулық негізі» сайыс сабақтарын өткізді. Денсаулық күніне байланысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оспанов С.Р. оқушылар мен ұстаздар арасында «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырды.
Жарысты мектеп директоры Ускембаева А.Қ құттықтау сөзімен ашып, оқушыларға салауаттылық жайлы түсінік берді. Жарыс соңында жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Денсаулық күніне байланысты іс – шаралар өз дәрежесінде өтті, алға қойылған мақсаттар орындалды.