с. Айнабулак
871059-51822
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
Әлеуметтік педагог
23-08-2021 07:42

 

Лауазымы

Жүктеме

Сынып

Жалақы

1

Әлеуметтік педагог

0,5 жүктеме

 

56000т

 

 

 

1.Қызмет туралы ақпарат:

1.1. Білім беру ұйымының әлеуметтік педагог  (бұдан әрі - ББҰ әлеуметтік педагог).

1.2. ББҰ әлеуметтік педагогы өз қызметінде бұйрықтарды, жұмыс бұйрықтарын, білім бөлімінің ұсынымдарын басшылыққа алады.

1.3. ББҰ әлеуметтік педагог өз жұмысындаҚазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді;

       әлеуметтік саясат негіздерін; жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогика мен психологияны,валеология негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелерді; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды;

      еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды сақтайды.

 

2.Негізгі міндеттер:

2.1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру.

2.2. Білім беру ұйымын оның Жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқару.

3.Біліктілікке қойылатын талаптар:

 

Критерийлер

Қойылатын талаптар

Білім

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагог-психолог" бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Кәсіби

құзыреттілік

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді;

       әлеуметтік саясат негіздерін; жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогика мен психологияны,валеология негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелерді; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды;

      еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды сақтайды.

Тәжірибелік тәжірибе

жоғары педагогикалық білімі; әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

 Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор үшін-кемінде 3 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші және педагог – шебер үшін-кемінде 5 жыл әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі болуға тиіс.

Ресми міндеттері

3.1.Жеке тұлғаның психологиялық - медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, мүдделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

 3.2.Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

 3.3.Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар және ұйым, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады.

 3.4.Білім беру ұйымдарында және жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.

 3.5.Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

 3.6.Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды.

 3.7.Әлеуметтік ортада адамгершілік қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

3.8.Мұғалімдермен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.

 3.9.Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

 3.10.Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.

 3.11. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті жұмыс қарым-қатынастары (байланыстары):

 

Байланыс түрі

Жиілік

Мақсаты

Ішкі байланыстар.

Білім беру қызметкерлері.

Күнделікті

 

Сыртқы байланыстар. Білім бөлімінің басшылығы.

Күнделікті

 

 

5.Құқықтар:

 

Өз міндеттемелеріңізді орындау үшін сізге келесі құқықтар беріледі:

5.1.Білім беру ұйымдарында  және тұрғылықты орындары бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, тұлғалық дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін  жүзеге асырады.

5.2.Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың тұлғалық әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктерін, олардың өмір сүру жағдайын зерделейді.

5.3.Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың  қызығушылықтары  мен қажеттіліктерін, қиындықтары мен проблемаларын анықтап, оларға уақытылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.

5.4.Кәмелетке толмағандардың  әлеуметтік қорғалуын, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қамтамасыз етеді.

5.5.Білім алушылар  мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сынып жетекшілері мен тәрбиешілердің жұмыстарын үйлестіреді және жоспарлайды.

 

6.Жауапкершілік:

6.11. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға, протекционизмге, непотизмге және жақын туыстарына тікелей бағынуға жағдай жасауға жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау.

6.12. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарына және жоғары тұрған басшылыққа кәмелетке толмағандардың немесе оларға қатысты, оның ішінде өзіне белгілі болған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік), білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметке байланысты фактілерді шұғыл  жазбаша хабарлайды.

6.13. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

 

6.1..Ата-аналар комитетімен, қамқоршылық кеңесімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді.

6.2.Оқушыларға уақытылы әлеуметтік көмек  және қолдау  көрсету мақсатында олардың әлеуметтік- тұрмыстық жағдайына талдау жасайды.

6.3.Өткізіліп жатқан жобалар мен бағдарламалардың салдарларын болжайды.

6.4.Балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады.

6.5.Әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларын, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жәрдемақымен және зейнетақымен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.

6.6.Мектеп бітірушілерінің жұмысқа тұру мәселелері бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.

6.7.Жетімдер мен ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін оқулықтар, тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді және үйлестіреді.

6.8.Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақытылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

                                                        7.Бағалау индикаторы

 

7.1. Берілген тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау.

7.2. Жұмыс жоспарларының орындалу дәрежесі.

7.3. Есептер мен ақпараттарды уақытында ұсыну.

 

 

Айнабұлақ негізгі орта мектебіне педагогтерін лауазымға тағайындау тәртібі

Айнабұлақ негізгі орта мектебінің бос орындарына конкурс өткізеді.

Конкурсқа www.enbek.kzвеб-сайтында тіркелген,ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған мұғалімдер қатысады.

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Орналасқан жері- Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы,Айнабулақ ауылы, Достық 10 Айнабұлақ НОМ

Пошталық мекенжайы –Айнабұлақ ауылы,индекс номері100501

Телефон номері:-87105951822

Электрондық пошта мекенжайы-zhana_ainabulak_sh@mail.ru

Құжаттарды қабылдау мерзімі-29.08.2021 дейін

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзіміндекелесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды

1)осы қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген –бар болса );

4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі(бар болса)

6) денсаулық жағдайы туралы 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген  анықтама

7) психоневрологиялық  анықтама

8) наркологиялық анықтама

9)соттылығының жоқ(бар) анықтама

10)жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме(бар болса)

11)ҰБТ сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік

12) 12-қосымшаға сәйкес педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы