с. Айнабулак
871059-51822
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
«МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығы
30-01-2021 12:21
«МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығы
Іс-шаралар мақсаты:
Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Міндеттері:
- білім алушыларды математикалық тапсырмаларды орындауға тарту;
- математика бойынша білім деңгейі жоғары білім алушыларды анықтау;
- оқушылар арасында математиканың өмірдегі маңыздылығын насихаттау;
- білім алушыларды өз бетінше жұмысқа тарту, олардың математикаға қызығушылығын арттыру;
- математикалық қабілеттері бар білім алушыларды анықтау, математикалық ғылымдарды тереңдетіп оқуға ұмтылу;
- математика саласында білім алушыларды дамыту үшін педагогикалық технологиялар банкін қалыптастыру.
Ұйымдастырушылар: бастауыш сыныптар мұғалімдері,математика пәнінің мұғалімі-Ускембаева Айман Кахармановна.
Апталық күнделігі:
Күні: 25.01.2021ж.
Математикалық сауаттылық апталығының ашылуы
Апталықтың бірінші күні  1-9 сыныптармен мектеп фойесінде «Оқушылардың математикалық сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың компоненті ретінде» атты саптық жиын өткізілді.Сонымен қатар бастауыш сыныптарда «Математика-біздің айналамызда »атты сынып сағаттары өткізілді.3-сынып оқушылары Оспанова Іңкәр мен Жеңіспай Аяулым белсенділік танытты.
Күні: 26.01.2021ж.Байқаулар:
Апталықтың екінші күні 1-4 сыныптар арасында «Мен математикамен доспын» атты байқауымен басталды.1-сынып оқушылары Жанұзақ Еркеназ ,Қадырбай Алихан мен 4-сынып оқушысы Айдос Әмина өздерінің математика пәніне деген қызығушылықтарын көрсете білді.
5-9 сынып оқушылары «Мен және менім отбасым» ғылыми жобаларын қорғады.Оның ішінде 5-сынып оқушыларының Құрақбай Рахманның «Мен және менің отбасым сандармен» және  Жақан Нұрсұлтанның «Менің отбасымдағы 13 санының тарихы»атты жобаларын оқушылардың бағалауымен әсерлі деп танылды.
Күні: 27.01.2021ж.КЕЗДЕСУЛЕР, САЯХАТТАР
Апталықтың 3 күні жоспар бойынша «Өнегелі өмір жобасы аясында" бастауыш сыныптар мед.бибі Альжанова Гүлайым апаймен кездесу ұйымдастырды.Кездесу барысында мед.бибі қазіргі әлемді келеңсіз жағдайға түсірген «COVID-19»жайлы әңгімелесті.Әңгіме барысында 4-сынып оқушысы Айдос Әмина өте орынды сұрақтар қойып белсене қатысты.Оқушылардан  мамандыққа деген қызығушылық  көрініп тұрды.
Осы тақырыпыта өткен 5-9 сыныптар арасындағы кездесу ауыл кітапханашысы Құрақбай Қолаңшашпен жалғасын тапты.Оқушылар ауыл кітапханасына саяхаттап және кітапханашымен сұхбаттасып қайтты.Әңгіме барысында кітапханашы Құрақбай Қолаңшаш осы мамандықты неге таңдағаны туралы әңгімелеп берді.Сөз сонында оқушыларға жастарына сай  қандай кітаптар оқуға болатыны туралы кеңесің берді.
Күні: 28.01.2021ж.ӘҢГІМЕЛЕСУ, ТАЛҚЫЛАУ, ФИЛЬМДЕР КӨРУ.
Апталықтың төртінші күні бастауыш сыныптар «Мамандықтағы математика» атты сұхбат-әңгімесін әкімшіліктегі  статист маман Бодыкова Рамилямен жүргізді. 4-сынып оқушысы Айдос Әмина журналист рөлін атқарып мамандыққа байланысты сұрақтарын қойя білді..Сонымен қатар 3-сынып оқушысы Жеңісбай Аяулымда мамандыққа деген қызығушылығын білдіріп, жарыса сұрақтар қойды.Маман иесі Бодыкова Рамиля оқушыларға оқуда озат болып,Қазақстанның болашағы сіздердің қолында деп тілегін білдіріп жатты.
      Мектептің жиын залында 5-9 сыныптар оқушыларына  «Математика және өркениеттің гулденуі» атты сандар мен олардың мағыналары туралы  бірнеше фильмдер көрсетіліп,аяғында пікіралмасу өткізілді.
Күні: 29.01.2021ж.ТАНЫМДЫҚ, ІСКЕРЛІК  ОЙЫНДАРЫ.
Апталықтың бесінші күні 1-4 сыныптар арасында «Ойшылдар және ақылдылар» атты танымдық ойын өткізілді.Ойын барысында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп,ребустер шешуде жарысты.Ойын әсерлі өткізілді.Ойын барысында 1-сынып оқушылары Жеңісбай Нұртілеу,Қадірбай Алихан,Рамазан Нұрасыл,3-сынып оқушылары Хамзе Гүлім,Жеңісбай Аяулым,4-сынып оқушысы Айдос Әмина белсенділік танытты.
Мектептің жиын залында 5-9 сынып оқушыларымен«Математикалық викторина» атты танымдық ойын ұйымдастырылды.Бұл ойының мақсаты оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту,олардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.Ойын барысында 5-сынып оқушылары Жақан Нұрсұлтан,Құрақбай Рахман.Қадырбай Гүлден,6-сынып оқушылары Ахметова Жансая,Хамзе Олжас,7-сынып оқушысы Бельгибаев Фархат, 9-сынып оқушысы Жанұзақ Ділназ белсенділік танытты.
Күні: 30.01.2021ж.Аптаның жабылуы. СУРЕТТЕР КӨРМЕСІ, БАЙҚАУЛАРДЫ МАРАПАТТАУ
      Аптаның соңғы күні бастауыш сыныптарда «Математика әлемі балалар көзімен» атты сурет көрмесін ұйымдастырумен аяқталды.Оқушылар өздерінің суреттер ұсынды. Үздік деп танылған суреттер марапатқа ие болды.
Апталықтың жабылуы салтанатты түрде өткізілді. Апталыққа қатысып,белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағазымен номинациялар бойынша марапатталды.